Сәйкесінше ең төменгі жалақы мен басқа да көрсеткіштерді қайта есептеу керек.
2019 жылы Қазақстандағы орташа жалақы 112 мың теңге
Орташа жан басына шаққандағы медианды мән сәл өзгеше есептеледі, бірақ принципі бірдей.
Ұсыныс әзірге тек мемлекеттік Думаға тапсырылатын түзетулер жобасына енді. Бірақ ол барлық инстанциялар арқылы өтетін болса, 2021 жылға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 11,6 мың рубльді құрайды (ағымдағы бағам бойынша 65 мың теңгеден сәл аз).
Салыстыратын болсақ, Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңгені құрайды
Экономист және әлеуметтанушы Тимур Айсаутов бұл көрсеткішті мүлдем төмен және тез арада қайта қарау қажет дейді. Ресейліктердің үлгісін де қолдауға болады.
— Тимур, сіздің ойыңызша, қазіргі күнкөріс деңгейі өмір сүру жағдайына сәйкес келе ме? Яғни, жеткілікті ме?
— Әрине, жеткіліксіз. Киім, дәрі-дәрмек және тұрғын үйге деген қажеттілік туралы айтудың да қажеті жоқ, алайда бұл ақша тамақтануға жете ме? Толыққанды әлеуметтік-экономикалық саясатты уәде ететін мемлекет үшін бұл сан мүлдем орынсыз.
Тіпті көптеген Африка елдерінде өмір сүру құны бізден жоғары
Отыз жыл бұрын біз оларға күліп едік, қазір ең төменгі көрсеткіштері ҚР-ға қарағанда жоғары.
Яғни, ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта санау керек. Бұл әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау және т.б. бойынша басқа да міндеттемелерді өзгертеді. Көп нәрсе осы көрсеткішке байланысты.
— Сонда ол кем дегенде қандай болуы керек?
—Қазіргі жағдайға сай және орынды. Егер нақты санмен айтатын болсақ,
бір адамға 70-80 мың теңге көлемінде
Бұл жақсы өмір сүруге жете қоймас, бірақ ең төменгі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Ауырып қалмас үшін азды-көпті құнарлы тамақтанып, киім сатып алуға жетеді.
Елдің басынан қиын кездер өткен кезде мемлекет қор жинап, көп нәрсені уәде етті, енді сол міндеттерін орындайтын уақыт келді. Әсіресе халықтың ең осал топтарына көбірек көңіл бөлу керек.
Әлеуметтік деңгейі төмен адамдар көбінесе қазақстандық өнімді тұтынады.
Сондықтан оларға көмек беру экономикаға оң мультипликативті әсер етеді
Себебі олар отандық өнімді көбірек сатып алатын болады
—Көршілердің күнкөріс минимумын қайтадан есептеу идеясы туралы не ойлайсыз?
— Бұл орынды идея.
Адамдардың әлеуметтік қауіпсіздік сезімі әртүрлі. Біз ең төменгі әлеуметтік қажеттіліктерден туындайтын қазіргі есептеулерден алыстауымыз керек. Әлеуметтік қамсыздандыру — бұл ең алдымен психоэмоционалды көрсеткіш. Шын мәнінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрғымыз келсе осы мәселеге назар аударуымыз керек.
Адам табиғатында өзін әрқашан біреумен салыстырады. Көршілермен немесе инстаграм жұлдыздарымен немесе басқа біреумен.
Егер Ресей ең төменгі күнкөріс деңгейін көтерсе, онда біз автоматты түрде олардың алдында төмендейміз
Отандастарымыз бірден неліктен біз олардан екі есе артта қалдық деп сұрақ қоя бастайды. Олар әрқашан өздерін «көршімен деңгейлеспіз» деп келді.
— Шындығына келсек, сандарға шаққанда медиананың 44%-ға артуы айтарлықтай үлкен өсім бермейді. Мөлшері, әрине, біздікінен әлдеқайда жоғары, айырмашылығы қазірдің өзінде байқалады.
— Иә, бұл пайыздарды әрдайым қайта қарастыруға болады. Бүгін 44, ертең 55. Бір маңыздысы оны медианалық көрсеткішке қарап есептеуі. Бұған дейін «ең бастысы, адам бөлмесе болды» деген қағида болған. Бұл өлімнің сәл-ақ алдындағы жағдай еді.
«30 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?» деген әлеуметтік сауалнама жүргізетін болсақ (тек тамақтану ғана емес, коммуналдық шығындар да бар), көпшілігі оң жауап берер ме еді? Тіпті мұндай сұрақ қоюдың өзі ақымақтық.
— Мемлекет басшысы біз халықтың үнін еститін мемлекет құруымыз керек деді. Яғни адамдарға деген қарым-қатынасты қайта қарауымыз керек. Тіпті Ресейден үлгі алудың да қажеті жоқ, біз бұны бұрыннан-ақ қолға алуымыз керек еді
— Статисттердің (ресейлік және біздің) есептеулері нақты жағдайға қаншалықты сәйкес келеді? Көлеңкелі табыстың кесірінен мүлдем басқа сандар болуы керек шығар?
— Әрине, кез келген статистикалық көрсеткіштің қандай да бір қателігі болады. Бірақ бұл ең жақсы балама. Біз олардың тәжірибесіне сүйеніп қана қоймай, қайтсек олардан жақсырақ жасаймыз деп ойлануымыз керек. Егер Ресей Федерациясы 44% жасаса, онда біз 50% жасайық?
Қазір қоғамдағы әл-ауқат пен көңіл-күй өте жақсы емес, сондықтан халықтың ең төменгі әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету керек. Халықтың ең осал топтарына ерекше назар аударып, оларды ең алдымен қорғау керек.