Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қытай қазақ саясаттанушыларын сатып ала бастапты, деген қауесет рас па?

189

Мұндай үрей біздің елде де бар. Қытайдың – құдайы көршісіміз. Қазақстан – халқы аз мемлекет.

Сосын қазақ жерінің үсті де, асты да табиғи байлыққа толы. Ал бұл ырғын байлық өзге елдердің, соның ішінде Қытайдың да сұғын аударып отырғаны анық.

https://kaz.365info.kz/akhsha-zaman-baraholkanyn-khytajy-meni-akhshaga-satyp-alyp-zhyr-khazakh-khyzy-289183
Бүгінгі қазақы қоғамда екіұдай пікір қалыптаса бастады.

Бірі – «Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Ол ел экономикамызды дамытудың һәм инвестицияның көзі, өзіміздегі бар шикізатты алысқа бармай-ақ осы елге өткізе аламыз», деседі.

Екінші топ – «Қытайдың мысық табан жымысқы саясатының «тұзағына» түсіп қалуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде елімізде Аспан асты елінің үлесі бар 3 мыңдай ірілі-ұсақ компаниялар жұмыс істеп жатыр. Егемендік алғалы бері Қытай Қазақстанға 42,8 миллиард доллар инвестиция құйып, 50 миллиард доллар несие берген. Бұдан тыс, Қазақстанға Қытайдың 51 кәсіпорны көшіріліп, жұмыс істемек. Қазақстанның газ-мұнай саласында да бұл елдің үлесі қомақты. Сауда-саттық және тағы басқа жолдармен қытайлар елімізге ағылып келіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, Қытайдың Қазақстанды осындай жолдармен бейбіт түрдегі экспанцияся басталып кетті», деседі.
https://kaz.365info.kz/aza-pen-ytaj-ajtysy-ashhy-shyndy-ajtyl-anda-aza-a-yny-zhe-ilgenin-mojyndady-217341
Сонымен қатар, ел арасында

«Қытай қазақстандықтардың арасында осындай үрейді болдырмау үшін және өздерінің жақсы имиджін қалыптастыру үшін белгілі саясаттанушыларды, өзге де қоғам қайраткерлерін түрлі айла-әркеттермен өздеріне тартып, Қытай жөнінде жылы пікірлер айтқыза бастады», деген қауесет жүр.

Ұлтым деп жүрген кейбір саясаттанушылар «Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Қытаймен жақын қарым-қатынас экономикалық жағынан тиімді. Қытайды құбыжық етіп көрсетіп отырған Ресейлік саясаттанушылар. Олар Қазақстанды Қытай экспанциясымен қорқытып, өздерін құтқарушы күш ретінде көрсетуге тырысып бағуда», деген сияқты Қытайды мадақтаған мақалалар жаза бастады.

Жұрттың көзі қырағы. Халық қалт айтпайды. Қытай жайлы жылы лебізге толы бәзбір саясаттанушылардың жазбалары әлеуметтік желілерге шығып, біраз пікірталас тудырғаны шындық.
https://kaz.365info.kz/almatyda-bireuler-ytajly-biznesmendi-o-dyrmaj-tepkilep-ketti-241217
«Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» деген бар. Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін белгілі саясаттанушы Сайын Борбасовқа хабарласқан едік. Ол былай дейді:

Сайын Борбасов

— Қытай алып ел. Бүгінгі әлем амалсыз онымен санаса бастады. 2017 жылғы есеп бойынша, Аспан асты елінің ішкі жалпы өнімінің жиынтығы 12 триллион доллар екен. Бұл әлемдік экономиканың 15 пайызы (АҚШ 23 пайыз). Осының өзі-ақ Қытайдың қандай әлеуетке ие екенін көрсетеді. Сондай-ақ, әлемдегі дағдарыстарға қарамастан ол елдің экономикалық даму көрсеткішісі 6-7 пайыздан кеміген емес. Соңғы технологиялық жетістіктерді тез иегеруде.

Осы тұрғыдан келгенде біз Қытаймен экономикалық қарым-қатынасқа түсуге мүдделіміз. Экономикалық тұрғыдан өте пайдалы. Тас жолдар, темір жолдар салынды. Газ, мұнай құбырлары тартылды. Пайда бар.

Бірақ пайда бар екен деп ол елдің алдында тәуелді болып қалуға болмайды. Біз кез-келген байланысқа өз мүддеміз тұрғысынан келуіміз керек. Сонда ұтылмаймыз.

Ал Қытай жағы «өз имиджін жасау үшін қазақстандық саясаттанушыларды, зиялы қауым өкілдерін сатып алып, өздерінің сөзін сөйлете бастапты» дегенге қатысты менде әзірге нақты информация жоқ. Сондықтан пәлен дей қою қиын.

Қытай фобиясын Ресей саясаттанушылары әдейі жасап отыр дегенге де сене бермеймін.

Батыспен шекісіп қалған соң Мәскеудің өзі Қытайдан қолдау іздеуде. Батысқа қарсы Қытаймен одақтасып тығырықтан шығудың қарекетін жасауда. Сол себепті,

қазір Ресей де, ол елдің саясаттанушылары да Қытайға жылы көзқараспен қарауда. Әрине, Қазақстанның Қытаймен тым жақындасып кеткенін көре алмайтын кейбір ресейлік саясаткерлері бар шығар.

«Біз болмасақ, сендерді жұтып қояды» деп Қазақстанды Қытаймен қорқытуды солар ұйымдастырып отыруы мүмкін.

Бірақ қалай айтсақ та, Қазақстан үшін Қытайдан үлкен қауіп бар. Оны естен шығаруға болмайды.

Ол елдің сан қатпарлы саясатын зерттеп, зерделеп жатқан бізде орын жоқ. Бәлкім, Мұрат Әуезов айтқандай, арнайы институт қажет те шығар.

Өйткені Қытайдай алып көршімізді жетік білмесек, түбі ол елдің жемсауына түсіп кетуіміз мүмкін.

Бұл мәселе әркез есте тұруы қажет».

Аян Мырзабек
https://kaz.365info.kz/khalaj-otkaz-beremin-khytajdan-zhykti-bolgan-baraholkadagy-khazakh-khyzy-293000

Фото: © Ilya Varlamov | varlamov.ru

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз