Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Қинап жатыр, ауру болдық”. Ақтөбелік отбасы облыстық прокуратурадан араша сұрады

122

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының Милы ауылында өткен жылдың 27 ақпан күні 7 жастағы Саян Жақсылықтың мүрдесі табылды. Арада 10 ай өткенімен нақты күдіктінің аты-жөні әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр. Полиция қызметкерлері ай сайын, айына бірнеше рет тергеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғынынан жауап алуын жалғастырып жатыр. Сот-медициналық сараптамалар да тағайындалып, қорытындысы еш нәтиже бермеді. Бала өліміне күдікті әлі табылмады, ешкім қамауға алынбады.

«Күдіктілердің арасында менің әйелім Гүлжамал Ысқақова да бар. Өткен жылы қайғылы оқиға болып, полиция қызметкерлері бәрімізден қан алды, арнайы аппарат арқылы тексерді. Бірақ ештеңе таппады. Үй ішін тінтіп, еденді көтеріп, әжетханамызды қазып тастады»,- дейді Асылбек Құлтанов.

Жауап алу жұмыстары өткен аптада қайта жалғасқан. Асылбек Құлтановтың айтуынша, соңғы жауап алу кезінде құқық қорғаушылар қылмысты мойында деп қорқытқан.

«Медициналық бекетке шақырып, үш сағат ұстады. «Мойындаңдар, жасырып отырсың» деді полиция қызметкерлері. Төрт баламыздың бар екенін, қылмыс ашылса олардың балалар үйіне жіберілетіні айтылды. Ертеңіне қайта келіп, түрмеге жабамын деді. Балаларым, әйелім ауру болды. Бізді осылай әурелей бере ме?»,- деді Асылбек Құлтанов.

Милы ауылының тұрғыны бұған дейін аудандық прокуратурадан араша сұраған. Енді, міне бүгін облыстық прокуратураға арызын қалдырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз