Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында екі кеден бекітінен өту жеңілдетілді

Хаттамаға сәйкес, бұдан былай осы кеден бекеттері жан-жақты деңгейде жұмыс жасайтын болады. Бұл «Ақ-Тілек Автожол», «Ақжол Автожол» өткізу пунктерінің жұмысын жеңілдетеді. Бұдан бөлек, шетелдік туристер Ыстықкөл облысына «Кен-Булун» және «Токмок» өткізу пунктері арқылы еш кедергісіз өту мүмкіндіге ие болады.

Сонымен қатар, үкіметаралық кеңестің отырысында Мухаммедкалый Абылгазиев туризімді дамыту мәселесіне кеңінен тоқталды. Себебі бұл саланың екі ел үшін де маңызы зор.

«Туризмді бірігіп дамыту үшін кешенді шаралар қабылдау керек деген ойдамыз. Аталмыш мәселе бойынша келісім жобасын жасасуды ұсынамыз. Туристік қызмет пен өнімдерді ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдердің туристік әлеуеті туралы ақпарат тарату керек. Жалпы, туризм жайында жақсы пікір қалыптастырып, оған оң ықпалын тигізетін инфрақұрылымдық жобаларды бірігіп жасау керек», – деді Абылгазиев.

 

Дере көз:Қазақпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз