Ер адам Қырғызстанмен мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтуге тырысқан.
Қырғыз шекарашылары үш шекара бұзушыны ұстауға тырысқан. Ер адамдар көршілес республикадан Қазақстанға 10 жылқыны заңсыз айдап өтпек болған. Ұстау барысында тәртіп бұзушылар суық қару қолданып қарсылық көрсеткен. Шекарашылар қару қолдануға мәжбүр болған. Нәтижесінде тәртіп бұзушылардың біріне оқ тиген. Қалған екі ер адам Қазақстан аумағында жылқылармен жасырынған.
“Сағат 12:15-те жарақат алған шекара бұзушы (ҚР азаматы) Талас ауылының ауруханасына апарар жолда қайтыс болды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Тараз шекара отрядының күштері мен құралдары шекара бұзушылар мен жылқыларды іздестіру шараларын жүргізуде.
Шекара бұзушы бұрын ҚР ҚК-нің 392-бабы “ҚР Мемлекеттік шекарасынан қасақана заңсыз өту” бойынша сотты болған.