Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қырғыз әншісі бейнебаянда Кәмшат Жолдыбаевамен сүйісуден бас тартқанын айтты

2478

Бұл туралы Kaktus.mediа сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қырғызстандық әншінің айтуынша, 9 қазан күні жарық көрген бейнебаянды түсіруге 15 мың АҚШ доллары кеткен. Сондай-ақ, аталған клипті даярлауға 50-ден аса адам жұмылдырылған екен.

Атабеков қазақстандықтардың бейнебаянға жұмсайтын қаржысы Қырғызстан әншілерінен әлдеқайда көп екенін және мұнда кәсібиліктің жоғары екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол қазақтар адамның киіміне аса қатты мән беретінін сөз етті.

“Онда адамдардың сырт келбетіне көп назар аударады. Ал бізде әртіс үлкен алаңды толтырып, “Дордой” базарынан киім алып кие береді ғой”, – деді қырғыз әншісі.

Бес уақыт намаз оқитын Мирбек Атабеков клипте Кәмшатпен сүйісетінін естігенде бірден бас тартқан.

Алайда түсірілім алаңында бір топ адамның жұмыс істеп жатқанын көрген ол қыңырлық танытпай, ойынан айныған көрінеді.

Қырғыз әншісі түсірілім алаңында жұбайы да өзімен бірге болғанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз