Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Құранда ондай сөз жоқ…”. Танымал дінтанушы тұмшаланған әйелдерге қатысты шындықты айтты

7852

Мұртаза Бұлытай осы арқылы орамал дауына қатысты мәселеге нүкте қоюға тырысыпты.

Жоқ дүниені несіне сөз қыламыз?

“Құранда жоқ нәрсені діннің ең маңызды мәселесінің біріне айландыру дұрыс па?!”, – дейді ол.

“Бар нәрсені бар деп айтайық, жоқ нәрсені жоқ деп айтайық, осындай қарапайым принцип қой, еш қиындығы жоқ”, – дейді дінтанушы.

Оның айтуынша, Құран кішкентай кітап емес.

600 бет, 30 пара, 114 сүре, 6236 аят бар.

Жүздеген тақырып қозғалған, ішінде өрмекші туралы сүре бар, құмырсқа туралы аят бар, есек пен ит, шошқа мен маймыл туралы да айтады, жеті қат аспан, үңгір, жұлдыздар, өзендер туралы айтады, тақырыптар егжей-тегжейлі айқындалған.

“Бірақ, осы көлемді кітапта әйелдер шаштарын немесе бастарын жапсын деген бір ауыз сөз жоқ! Неге?!

Діннің ондай бір талабы болса, ең болмағанда, бір аятында, бірнеше аятында мұсылман әйелдер шаштарын жапсын, көрсетпесін деп ашық, бүкпесіз айтуы керек емес пе еді?!

«Қажеті жоқ…». Заманбек Нұрқаділов соңғы сұхбатының бірінде былай деп кетіпті

Шашты жабудың себептерін түсіндіріп, осы бұйрықты орындамағандарға қолданылатын шаралар туралы да айтуы ләзім еді ғой, бірақ ол жоқ!”, – деген екен Мұртаза Бұлытай.

Бұл ретте ол:

“Демек, бұл діннің мәселесі емес, бұл халықтың киіну мәдениетінің, тұрмыстық мәдениетінің, әлеуметтік ортасының мәселесі, әдет-салтына, тұрған жеріне, ауа райына, қолжетімді материалдарға қарай өзгеріп тұратын нәрсе”, – деген пікір білдіріпті.

– Сондықтан Құран оған орын бермеген, адамдардың еркіне қалдырған.

Енді Құранда жоқ нәрсені діннің ең маңызды мәселесінің біріне айландыру дұрыс па?!

– дейді Мұртаза Бұлытай. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз