Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қажеті жоқ…”. Заманбек Нұрқаділов соңғы сұхбатының бірінде былай деп кетіпті

12956

Мен бе? Билік менің адамдық болмысымды бұза алған жоқ. Бұза да алмайды. Иә, талай оқиғаның куәгері болғаным рас.

Мемлекеттік маңызы бар бірталай шешімдерге ықпал еткенім де өтірік емес. Қия тартқан, қателескен кездерім болған шығар. Бірақ ешқашан өліп-өшіп, биліктің жалына жармасқан емеспін.

Мені билікшіл, әмір, тым маңғаз, тым тәкаппар деп санайтындар бар. Танымағасын солай ойлайды ғой. Солай деп, сырттай пайымдайды.

Бұл өмірдегі санама сақтаған бір қағида – қолыңа билік берілсе, сол билікті, мейлінше, дұрыс пайдалануға тырыс, игі мақсатқа жұмсауға ұмтыл. Мәңгілік ештеңе жоқ өйткені. Билік те мәңгілік емес.

Шонжы емес, қалмақтың Шоңжы батыры өлген жер – Дос Көшім

Құйрығы креслоға жабысып туған пенде жоқ бұл жалғанда. Кресло дегеннің уыста тұрмайтынын, сусымалы екенін естен шығармаған жөн.

Қолына билік тисе, жалғанды жалпағынан басқысы кеп, Құдайды ұмытып келетіндер көп, соған қарамай. Құдды, құдірет біткендей, кие қонғандай сезінеді өзін.

Ал негізінде – алжасқанның, адасқанның белгісі бұл. Адамдықтан біржолата безгеннің көрінісі. Адам деген атын жоғалтқан,  адамдық болмысын жоғалтқандардар қаншама біздің арамызда.

Түптеп келгенде, сенің де шегің бар Тәңір таңбалап берген. Өзіңе берілген мөлшерден асып қайда барасың?

Қолыңа берілген билікті асыра пайдалансаң, шектең шыққаның осы. Тәңір белгілеп берген сызықтан асқаның. Талқаның таусылған күні алдыңнан шығады…

Билікке келген адам бұл араға неге отырғанын, не мақсатпен келгенін, қандай іс атқарарын күні бұрын білсе, мұндай адамнан қайыр болады.

"Құранда ондай сөз жоқ…". Танымал дінтанушы тұмшаланған әйелдерге қатысты шындықты айтты

Билікке келген адам қызметін қу құлқынның қамы, жеу, жұту, жалмау мақсатында пайдаланса, түптің-түбі оңбайды. Сорын тартады. Соры қайнайды.

Мұндайлар әйгілі Аяз бидің өсиетін ұмытқан. «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл».

Өз басым, өміріме ризамын. Ешкімге өкпе-ренішім жоқ. Қателессем, алдымен өзіме үңілемін, кемшілікті де өзімнен іздеймін. «Дұрыс істедім бе, дұрыс шешім қабылдадым ба?» деп…

Алматының әкімі болдым. Сүйкімі жоқ жұмыс еді. Қызметтен кеткеннен кейін, пәтерсіз қалдым.

Қаланың сыртында саяжайымыз бар еді. Сонда барып тұрдық. Мақпалдың үйіне көшіп бармасым белгілі ғой.  Жаңа үй салдым. Болды.

Менің шегім осы. Бұдан артықтың керегі жоқ маған. Баспанам бар, аядай ғана тіршілігім бар. Отбасым бар. Өзімнің қарапайым ғана адам екенімді түсіндім. Қанағат. Керегі осы екен.

 

Қайраткер, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың

«Статус Кво» бағдарламасына берген сұхбатынан

Сурет: voxpopuli.kz сайтынан алынды

Асқар Жұмаділдаев: «Кеше бір жиналыс болды. Таң қалып қайттым…»

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз