Димаш Құдайберген Қазақстан телеарнасының “Түнгі студия” бағдарламасының қонағы болды.
Бағдарламада Димаш баскетбол шеңберіне доп лақтырып ойнап, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Әрине, соңынан ән де болды. Ол музыкалық сүйемелдеусіз “Ұмтылмас күн” әнін орындады.
Өзінің сырымен бөліскен Димаш бұл бағдарламада екі құпияның бетін ашты.
Бір күні рэп орындап, сахнаға шықсам, таң қалып жүрмеңіздер, – деді ол бір сөзінде…
Айта кетелік, Қытайдағы 3 айдан аса уақытқа созылған байқау кезінде де, одан соң да Димаш Құдайберген отандық БАҚ-қа сұқбат бермей келген. Бұл сол шетелдік жоба келісімшартында қойылған талаптың бірі-тұғын. Сондықтан осы күнге дейін Димаш туралы жаңалықтарды оның жанындағы адамдар – продюссерлері: досы Алпамыс Шәрімов пен әкесі Қанат Айтбаев бөлісіп келген еді.
https://kaz.365info.kz/mens-health-dimash-alemge-ajgili-zhurnaldyn-mykhabasyna-shykhty-foto-252490