Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
18
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Қылмыстық топ құрыпты. Геология комитетінің басшысы құрықталды – Ұлттық бюро

Базарбай Нұрабаев

Осы жылғы 6 наурызда Б. Нұрабаев жер қойнауын мемлекеттік зерттеуге келісімшарт жасауға жәрдемдескені үшін «Ақмола Голд» ЖШС өкілінен 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу кезінде ұсталды. Б. Нұрабаев пен М. Әбдірашев пара ретінде «AUDI Q7» маркалы көлік, Шымкенттен 25 мың АҚШ доллар тұратын 3 бөлмелі пәтер алған. Атап айтарлығы, бұл мүліктің барлығы Әбдірашевтың ұлының атына рәсімделген.

Сонымен қатар, оның SK Petroleum» ЖШС өкілінен 20 мың АҚШ долларын, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында кен орындарындағы келісімшарттарды жасау барысында жер қойнауын пайдаланушылардың мүддесін лоббилау үшін тауарлық-материалдық  құндылықтарды алғандығы белгілі болды.

Б.Нұрабаев алған параның жалпы сомасы – 100 мың доллар. Бұған қоса, Б.Нұрабаев мен Н.Құрбанов қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып және құпия ақпараттарды қолдана отырып болашағы бар кен орындарын мүдделі кәсіпорындарға заңсыз түрде рәсімдеген. Осы мақсатта құрылтайшы ретінде 30-50% үлесті иеленіп отыратын аталған тұлғалардың туыстары мен сенімді адамдарынан тұратын арнайы компаниялар құрылған.

Барлығы 30 кен орны, соның ішінде «Консорциум KazGeoNedra Group Services», «Геобатыс», «Алькор АА», «Omaras», «Қоңыр терек», «Зыряновская геологическая экспедиция», «Қазмұнайгаз – геофизика», «Kazakhstan Caspian Oil Services», «Қазақстан мұнай компаниясы», «KAZ-Waterhanters», «EDCompany» ЖШС-лары бар. Олардың туыстарының үлесі нарықтық бағамен ары қарай сатылып отырған.

– Сонымен қатар, Б. Нұрабаев мен Н.Құрбанов комитеттің өңірлік  бөлімдері өткізетін мемлекеттік тапсырыс барысында «КазЗарубежГеология» ЖШС-ның мүддесін лоббилеп, «Бурабай» курорттық аймағының аумағынан бірнеше үйден құралған қонақ үй кешені түрінде пара алған, – деп атап өтті Ұлттық бюро өкілдері.

Б.Нұрабаев, Н.Құрбанов және қылмыстық топтың 16 қатысушысы ҚР ҚӘК 128-бабы бойынша ұсталып, Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына  қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз