Қытайдың Гуандун провинциясындағы Луфэн қаласында мыңдаған жергілікті тұрғынның, оның ішінде әйелдер мен балалардың көзінше өлім жазасына кесілгендердің есімдері жарияланды, – деп хабарлайды 163.com.
Стадион сахнасына 12 қылмыскерді алып келді, олардың көбі есірткі сатқаны үшін кінәлі деп танылған. Қалғаны – адам өлтірген және ұрлықпен айналысқан.
Ең ауыр жазаға кесілгендерді полицейлердің қара түсті жүк көліктерімен алып келді, әрқайсын бірнеше қызметкер ертіп жүрді.
Видеода көптеген адамның темекі шегіп, болып жатқан жағдайды телефон камерасына түсіріп тұрғанын көруге болады.