Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қылқындырып, талдырып тастады”. Жаладан күйген ер адам полицейден көрген қорлығын айтып берді

— деп болған істі еске алады Елдар Мұқашев.

Мұқашевтың сөзіне сүйенсек, полицей жол бойы оны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Сәлден кейін автокөлікті тоқтатып, тәртіп сақшысы “ұсталған азаматты” сыртқа алып шығып, соққыға жығады. Кейін полицей Мұқашевтың телефонында бейне, фотосуреттер жоқ екенін тексеріп, жақын аялдамаға тастап кеткен.

“Мені әйелім алып кетті, ауруханаға барып, мас емес екенімді растайтын анықтама алдық, ұрып-соққан жерлерді суретке түсіріп, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жаздық. Алған соққыларымды дәрігерлер “жеңіл-желпі” деп сипаттады. Қазір полицейге қатысты қызметтік лауазымын асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицей Успеновка ауылының учаскелік инспекторы екен, аты-жөні – Самат Жаймағамбетов”, — деп мәлімдеді жәбірленуші.

Оның айтуынша, Ақсай аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлері капитан Жаймағамбетовпен татуласуын сұраған. Ал Жаймағамбетовтың өзі қоңырауға жауап бермейді — телефоны сөндірулі.

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіндегілер қылмыстық істің қозғалғаны туралы мәліметті растады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз