Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Құдай сақтапты…”. Әнші Мәдина Сәдуақасова жол апатына түсті

1650

Әншінің өзі дін аман. Алайда жол апатының әсерінен әлі айықпағанға ұқсайды.

“23 қазанда көлігіммен үйге қайтып келе жатқанмын. Бір мектептің тұсында балаларды өткізіп жіберу үшін жүргіншілер жолағына тоқтадым. Осы сәтте  көлігімді автобус келіп соқты. Құдай сақтап, автобустың ағызып келе жатқанын байқаған болуы керек, балалар дер кезінде қашып үлгеріпті.

Ал, мені қаққан егделеу жастағы азамат екен. Жанындағы жолаушының басқа нәрсеге назар аудартып жібергенін айтып ақталып жатыр. Автобуста беті жартылай қанаған қыз тұр.

Бірден 103-ке хабарластым. Диспетчер көп сұрақтар қойды. Қыздың жағдайын айтып едім, оның жасын, есімін, мекен-жайын, апат болған жерді сұрап жатты.

Одан кейін онымен инспектор сөйлесті. Көлік апаты болып, адам жарақат алған тұста недеген таусылмайтын сауал? Диспетчер қыз, сізге көп нәрсе байланысты.

Мынадай сұрақтарыңызбен адам өмірін сақтап қала алмауыңыз мүмкін”, – деген екен Мәдина.

Бұдан бөлек ол әрдайым көшедегі көліктің жолын кесіп, жау қуғандай асығып жүретін автобус жүргізушілері мен жедел жәрдем кезекшілерінің жұмысына сын айтыпты.

“Автобус жүргізушілері, құдай-ау, сонша қайда асығасыздар?! Ең болмаса, өзіңіздің ешкім түспейтін жекеменшік жолағыңызбен рахаттанып жүрмейсіз бе? Ал жолаушылар сіздерге айтарым, жүргізушілердің көңілін бөлмеңіздер.

Өзім аманмын.  Шүкір. Періштем қақты. Әйтпесе соққы әжептәуір қатты болды.  Белдік таққанның өзінде бетіме сәл зақым келді. Шынымды айтайын содан бері көңілім алабұртып, көз іле алмай жүрмін…

Жарайды, бастысы, бәрі аман. Беттегі жара жазылар. Ал көлік ше?  Темір ғой. Жасалады, бәрі ұмытылады. Бас аман болсын! Бір бірімізге мейірімді болайық, ағайын!”, – деп түйіндепті өз сөзін Мәдина.

Мәдинаның желідегі жанкүйерлері өз кезегінде автобус жүргізушісін әбден жазғырған екен.

“Жын қуғандай жүреді бұлар? Өзінің жолағымен жүрсе жарар еді ғой, біреудің обалына қала жаздады” депті желідегі жұрт.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз