Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Құдағи жеңді”. Жұртты зар қақсатқан алаяқ Сандуғаш ақыры сотталып тынды

298

Әділдік барына көз жеткізгендер жаппай арыз жазып жатыр

Сандуғаш Жұмабек бүгін сот залынан абақтыға кетті. Істі қараған төраға оған 5 жыл жаза мерзімін кесті. Қылмыскерді сот залынан қамауға алу туралы үкім шығарған. Сандуғаш Жұмабектің қорғаушысы алдағы 15 күн ішінде сотқа апелляциялық шағым түсіре алады.

 

https://kaz.365info.kz/betpa-ty-zi-eken-alaya-jel-sandu-ashtan-sa-boly-yz-video-246577

 

Келіні мен енесінің шағымы бойынша жұмыс істеген заңгер Айгүл Орынбек танымал әншіден зардап шеккендер қатары күн санап көбейіп жатқанын айтты.

«Басында бұл кісінің кінәсі дәлелденуіне күмәнмен қарағандар көп болды. Олар сотқа арыздануға да қорықты. Төраға әділ үкім шығарғаннан кейін Сандуғаш Жұмабекке алданғандардың арыз саны көбейе түсті. Олар өз оқиғалары бойынша шағым түсіріп жатыр», – деді заңгер Айгүл Орынбек.

Ал әншінің туған қызы анасын қамау бойынша үкім оқылған кезде тек шындықты жақтайтынын айтыпты.

Сандуғаш Жұмабек болса, туған қызы отбасын, яғни, күйеуі мен оның туыстары арасындағы қарым-қатынасты сақтау үшін өзіне қарсы шыққанын жазған.

«Ақ кенжем, періштеме өкпем де, ренішім де жоқ… Ақиқатты біледі… Түбі түсінеді… Отбасын сақтау үшін осы да дұрыс шығар… Ана… Ол ана… Мәңгілік жүрегі жұмсақ, мейірім төгіп тұратын… Қашан келсең де, қандай жағдай да құшағым ашық! Саған өмір сыйлап, оны өз қолыммен өшіре алмаймын… Мәңгілік мен үшін жарық жұлдызым, жағадағы құндызымсың.

Ең бастысы, бар ақиқатты білесің. Жасың келе, ақыл кіре ойланарсың… Бірақ өкпем де, ренішім де жоқ… Мәңгілік мен үшін кіп-кішкентай Әсконтайым, потанайым болып қала бересің, құлыным! Күтемін… Ораламын десең, есігім де, құшағым да ашық», – деп жазған әнші Сандуғаш Жұмабек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сот үкімі шыққанда заңгер Айгүл Орынбек өзінің қуанышында шек жоқ екенін айтыпты. Өйткені ол Сандуғаш Жұмабектен алданған адамдар ісімен жылдар бойына айналысып, әділдік таппай келеді, яғни, қаншама сот болғанмен, жаза болмаған. Бұл – Сандуғаш Жұмабекті айыптаушы бірінші үкім.

Заңгер Айгүл Орынбек: ол кімді алдамады, ішінде оралмандар да бар

“Осы іске атсалысқан барлық достарыма рахмет. Қуанышымда шек жоқ. Біреудің қайғысына неге қуанады дейтін шығарсыздар? Бірақ соттың әділетті шешіміне неге қуанбасқа?”,- деді Сандуғаш Жұмабектің қолына сот залында кісен салынғанын айтқан заңгер Айгүл Орынбек..

Айгүл Орынбекттің айтуынша,

енді Сандуғаш Жұмабекке қатысты адам саудасы бойынша да іс қозғалуы мүмкін. Сонымен қатар, келіншек атақты адамдарды жалаңаш күйінде суретке түсіріп алып, бопсалаған көрінеді.

Сандуғаш Жұмабек алаяқтықпен әр қаладан 14 пәтер, оралмандардан 2 миллион доллар алған.

Оралмандарды үй, азаматтық алып беремін деп алдапты.

“Астананың өзінде 200-300 миллиондай қарызы бар”, – дейді заңгер.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз