Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) есігі Тәжікстан үшін әрдайым ашық, реп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрлігі.
“Тәжікстан ЕАЭО-қа толыққанды мүше немесе бақылаушы ретінде кіре алады”, делінген министрліктің Озоди радиосы сауалдарына жауабында.
ТМД мемлекет басшылары кеңесінде тәжік президенті Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесу өткізді.
Душанбе бұл одаққа кірудің пайдасы мен зиянын мұқият талдау қажет деп есептейді.
ЕАЭО құру туралы келісімге Беларусь, Қазақстан және Ресей басшылары 2014 жылы қол қойды. Одақ 2015 жылы жұмыс істей бастады. Кейін бұл ұйымға Армения мен Қырғызстан қосылды.