“Жеңіс құтты болсын! Бірақ 5-7 раундтар Джейкобстың еншісінде. Нокдаун болды. Кем дегенде тең! Головкин – Уорд жекпе-жегін осы себептен көре алмаймыз. Гена бокстан кетуі керек еді. Жас келді”, – деп жазды Хамитов Instagram желісінде.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.