Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қуандық Рахым: Альбинаны емес, Гауһарды сүйгем…

1742

Бірі Қуандыққа Гауһар ылайық десе, бірі “Альбина сұлудан қалай теріс айналуға болады” деп қызыл кеңірдек боп әлеуметтік желідегі сөз таластырып жатады. Бұл алыпқашпа сөзге Қуандықтың өзі нүкте қойғандай болды деп хабарлады Stan.kz.

“Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды” демекші, Қуандық пен Гауһардың арасында сезім болғаны рас болып шықты.

«Мен осыған дейін Гауһарды қарындасымдай көремін деп айтатынмын. Бүгін сырымды ашайын. Гауһар екеуміз дуэт болмай тұрып көңіл қосқанбыз. Жасырмаймын мен оны, ол мені өлердей сүйдік. Шаңырақ көтереміз деп те ойлаған едік.

https://kaz.365info.kz/tagy-bir-hit-an-khuandykh-rahym-men-albina-shardarova-tagy-da-duet-khyra-ma-249104

Кейіннен дуэт болып шыққалы ол мені тыңдарман қыздардан қызғанып жүрді. Қызғаныш соңы ұрысқа айналды. Концерт сайын жанжал болып тұратын.

Мұны көрген продюсерім Жанна Абуова өнер я болмаса Гауһарды таңда деп талап қойды. Мен әрине өнерді таңдадым.

Өкінбеймін. Десе де, Гауһарды кейде сағынатыным бар»,-деп Қуандық осыған дейін ешкімге айтпаған құпиясын жайып салды.

Ал Альбина Шардарова Қуандықтың талғамына сай келмейтін көрінеді.

https://kaz.365info.kz/ajrat-n-rtas-alyp-aldy-myna-n-hit-bolajyn-dep-t-r-video-246895

«Альбинаны адам ретінде сыйлаймын. Ақкөңіл абзал адам. Ал, сезім жайлы сұрасаңыз шынымды айтайын

екеуміздің мінезіміз екі түрлі. Арманымыз екі түрлі.

Сондықтан тек шығармашылық байланыстамыз»,- деді Қуандық Рахым.

Оның бүгін көрермендеріне жол тартқан жаңа әні – “Лаула” Гауһар Сардарбекке арналады екен.

https://www.youtube.com/watch?v=g-fslpTrRCQ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз