Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ҚР Бас санитарлық дәрігері: 11-16 наурызда Қазақстанға коронавирус келуі мүмкін

330
Сурет: Хабар 24

— Біздің болжамымыз бойынша, елде 11-16 наурыздың аралығында коронавирус пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана. Елде коронавирус пайда болса, біз арнайы ісшараларды қабылдаймыз, — деген Бекшинің сөзіне  «Казинформ» сілтеме береді. 

Ол болжам әрқашан растала бермейтінін де атап өтті.

— Жағдайды бақылап отырмыз. Коронавирустың біздің елімізді айналып өтпейтіні анық. Ғалымдар 10-ыншы немесе 16 наурызда болуы мүмкін деп отыр. Бірақ ол болжам ғана. Ғалымдар арнайы формулаларға сүйеніп, болжам жасайды, — деп нақтылады Бекшин.

Оның айтуынша, біздің басты міндетіміз – аурудың күрт таралуына жол бермеу.

— Біз барлық шараларды қолданып отрмыз, біздің міндетіміз ел аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу. Коронавирустың шеңбері қысып бара жатыр. Бас кезінде Қытай ғана болды. Одан кейін Оңтүстік Корея, Иран, енді Еуропа қосылды. Былай қарасаң, бізді коронавирус жан-жақтан қоршап алды. Басында біз ауруды кіргізбеуге тырыстық. Ендігі мақсатымыз – ол індеттің таралуына жол бермеу. Біз вирустың кірмейтініне кепілдік бере алмаймыз. Себебі вирус жануар емес, оны бір жерге қамап ұстай алмайсың. Күннің қызуы вирусты тоқтата ала ма деген сұрақ қойылуда. Бірақ көріп отырғанымыздай, Иранда күн ыстық болғанымен, ауру тарап жатыр. Вирус алдамдар мен жануарлардың организмінде дамитынын атап айтқым келеді. Біздің міндетіміз – белгілі бір жүйеге қойылған іс-қимыл жоспарын қалыптастыру, – деп түйіндеді Бекшин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз