Қостанайдағы Нариман зиратының территориясында екі ер адамның мәйіті табылды.
Бұл туралы Аlau.kz порталы хабарлайды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл деректі растады. Мәйіттер 1-маусымда “Березка” қойма кооперативінің маңында табылған.
“Олардың бірі – Қостанайдың 55 жастағы тұрғыны, тағы бірі – Денисов ауданының Антоновка ауылының 34 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша “Адам өлтіру” бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады ведомстводағылар.