Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қостанайда 33 жастағы жігіт бойжеткенді қасақана екі рет «Газельмен» таптап өткен

Автокөлік доңғалағының астында қалған бойжеткен қазір қалалық аурухананың «Жарақат» бөлімінде ем алуда.

«Науқас ауруханаға 16 шілде күні түнгі сағат 3-те келіп түсті. Қасында болған адамдар оны «Газель» көлігі екі рет таптап өткенін айтты. Ол өте ауыр халде болатын. Денесінің көп жері мертіккен. Бел омыртқасында, қабырғасында, ішінде жабық жарақаттар бар»,– дейді Қостанай қалалық ауруханасының «Жарақат» бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов.

Бойжеткен ауруханаға келгенде ес-түссіз болған. Қазір ол есін жинағанымен, жағдайы әлі ауыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз