Алайда сәбидің нақты неден уланғаны белгісіз.
Әлеуметтік желіде таратылған ақпаратта сол күні оның йогурт жегені айтылады.
Тұтынушылар құқын қорғау департаментінің өкілдері «қандай да бір тағамның бұзылғаны туралы шағым түскен жоқ», – дейді. Қазір баланың ағзасынан алынған материалдар зертханалық тексеруден өткізілуде.
Күлжан Нұрмағамбетова, қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы:
– Бізге түскенде бала қайта-қайта лоқсып, қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тоқтамай іші өте берді. Үлкен дәретінде қан байқалды. Ауру асқынғаны соншалық, бүйрегі істемей қалды. Қан көрсеткіштері төмендеп, жағдайы тіптен нашарлап кетті. Қанша ем-дом қолдансақ та баланы аман алып қала алмадық.