Полицейлер 18 жастағы бойжеткен Дария Мохортованың өліміне кінәліні іздеп жатыр.
Ол 20-30 жас аралығындағы ер адам. Ақ футболка мен торлы қысқа шалба киген. Облыстық ІІД баспасөз қызметі қылмыскердің фотороботын жариялады, деп жазады Қостанай жаңалықтары.
Бойжеткен 20 шілде күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Ертесі күні денесі табылды. Денесінде зорлық белгілер болды.
https://kaz.365info.kz/khostanajdagy-18-zhasar-khyzdyn-olimine-khatysty-okhiganyn-birneshe-nyskhasy-ajtyldy-324834
Полицейлер оқиғаға қатысты ақпарат білетін жандар болса, 102, 52-60-21, 52-60-22, 52-60-54 нөміріне хабарласуын сұрайды.
“20 шілде күні Қостанайдан Затобольскке немесе кері бағытта жүрген жүргізушілерден бейнетіркеу таспасын беуін сұраймыз”, – дейді ІІД-де.
Дерек көз:Stan.kz.