Қостанай облысында сотталушыны заңсыз түрде босатқан полиция қызметінің басшысы мен тағы үш қызметкер жазаланды.
Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Alau.kz хабарлады.
Оқиға Жітіқара ауданында болған. Сотталғандарды санау кезінде аудандық прокуратура қызметкерлері бұл заңсыздықты анықтап, ауыздықтаған.
“2017 жылдың 9-қаңтардан 10-қаңтарға қараған түнінде аумақтық жергілікті ішкі істер басқармасы полиция қызметінің басшысы бұрын әкелінген тұлғаны әкімшілік қамауға алынған айыпталушылар камерасынан заңсыз шығарып, оған ішкі істер бөлімінен кетуіне көмек көрсеткен”, – деді баспасөз қызметіндегілер.