Қостанай облысының Лисаковск қаласында 6 жасар баланың үстіне темір есік құлап мерт болды.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Қайғылы оқиға 2 маусымда көпқабатты үйде пәтерден жиһаз шығарып жатқан кезде болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кіреберіс темір есік бекітілмеген екен, ол 2012 жылы туған баланың үстіне құлаған.