Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қош бол, президент! АҚШ-тағы тәртіпсіздіктер Трамптың қызметіне балта шабуы мүмкін

1107

АҚШ-тағы жағдай жай наразылықтың шегінен шығып кетті.  Жаппай вандализм мен тонаушылықты Джордж Флойдтың өлімімен байланыстыру қиын. Трамптың әрекеттеріне қарасақ, ол не істерін білмей жүргендей.

Президенттің кейбір жақтастары, соның ішінде аппарат басшысы Марк Медоуз талқандаушыларды жазалап, полиция қызметкерлерін қолдайық деп үгіттеген еді. Басқалар, соның ішінде мемлекет басшысының күйеу баласы Джаред Кушнер оны бұндай қадамға бармауға шақырды.  Олар бұл афроамерикалықтардың алдындағы президенттің беделін түсіруі мүмкін деді.

 

Трамп алғашқылардың пікіріне сүйеніп, бейбіт азаматтарды қорғап, талқандаушылармен күресу үшін барлық ресурсты жұмылдыратынын хабарлады.  Губернаторлар ұлттық гвардия бөлімшелерін іске қосу туралы нұсқау алды.

«Егер қала немесе штат тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға қажетті қандай да бір қадамдарға барудан бас тартса, мен тез арада әскер кіргізіп, олар үшін проблеманы шешіп беремін»,

— деді Ақ үйдің басшысы халыққа үндеуінде.

Үндеуінен кейін Трамп Ақ Үйге қарама-қарсы орналасқан Қасиетті Иоанна Епископальды шіркеуінің жанында суретке түсті (кейін наразылыққа шыққандар оны өртеп жіберді). Полицейлер оған барар жолды алдын ала көзі жасаурататын газ бен резеңке оқтарды пайдаланып тазартып қойды.

Әскердің қолдайтынына сенім жоқ

Трамп біртіндеп өзінің жақтастарынан арылуда. Мысалы, сенатор-республикашыл Сюзан Коллинз былай деп мәлімдеді:

«Президент көшеден жүріп өтіп, шіркеуге кіруі үшін ғана бейбіт демонстранттарға қарсы көзді жасаурататын газ қолданғанын көру ауыр болды» деді жағдай куәгерлерінің бірі.

Президент партиясынан мүше басқа сенаторлар да осындай пікір білдірді —

«Бүлік шығаруға, жекеменшікті бұзуға құқығы жоқ, бірақ наразылығын білдіруге конституциялық тұрғыдан құқығы бар».

Трамптың бүлікшілерді ұлттық гвардияшылармен басу туралы идеясына әскерилердің барлығы бірдей қолдау көрсетпеді. АҚШ-тың қорғаныс министрі Марк Эспер наразылық шеруі өткен қалаларды «ұрыс алаңы» деп атады…  оның бұл сөзіне бұрынғы және қазіргі әріптестері бірден сын айтты.

Әскери шенділердің басым көпшілігі әскер күшін пайдаланғанша, наразылық білдіргендердің талаптарын орындау керек деген пікірде. Алайда, нақты бір талап жоқ. Тек «нәсілшілдікті тоқтату керек», «қара нәсілділердің өмірі Америка үшін маңызды» деген ұрандар ғана бар.

Ымыраға баруға болмайтын сәт

Алдағы президент сайлауындағы Дональд Трамптың қарсыласы Джо Байден басқаша әрекет етуде. Ол бір штаттағы афроамерикалық қоғамның өкілдерімен кездесті. Соңғылары біз сізге қолдау көрсетеміз, бірақ афроамерикалықтарды белсендірек қолдау керек деген пікір білдірді.

Негізінен, қазірге президентке қарағанда Байденнің жағдайы жақсырақ. Ол қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, қалалардың қирауы мен халық арасындағы жәбірленушілер, қаза болғандар туралы ойлаудың қажеті жоқ.

Ол сайлауда жеңіске жетіп жатса да, бұның жауапкершілігі Трамп пен оның командасына жүктеледі

Жеңіліс тапса мүлдем қатысы жоқ болады.  Ол қазір наразыларға жақын болып, өзінің қолдайтыны туралы айтқанының өзі жеткілікті.

Айтпақшы, афроамерикалықтар көбіне демократтарға дауыс береді. Хиллари Клинтонға қара нәсілділердің 89%-ы, ал Дональд Трампқа— бар жоғы 8%-ы дауыс берді.

Демократтар наразылықтан пайда көрді

АҚШ-та «Трамп елді қандай жағдайға жеткізді, қараңдар» деген пікір таралып кетті.

Сауалнаманың нәтижесі қараша айында болатын сайлауда Байден 5,9% басымдыққа ие болатынын көрсетті. Ал ABC News мен Washington Post жүргізген сауалнамада айтарлықтай басымдыққа ие болатынын көрсетті (53% пен 43%).

Бірақ қорытынды нәтиже құбылмалы штаттардың таңдауына байланысты. Бұл Миннесотта мен «үлкен төрттік» — Флорида, Мичиган, Пенсильвания және Висконсин.

Тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін бұл шаттарда жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар жоқ. Бірақ Дональд Трамптың жағдайы аса мәз емес екенін көрсетіп отыр. Барлық жерде Джо Байденнің басмыдыққа ие болатынын көрсетіп отыр.

Алдағы апталарда  жүргізілетін зерттеулер Дональд Трамптың қатаңдыққа, заң мен тәртіпке қойған «ставкасы» қаншалықты дұрыс болғанын көрсетуі керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз