Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қорықтар қалай жеке адамдардың қолына өтеді? Заңгердің оқиғасы

135
Таир Назханов

Заңдар мен артықшылықтар туралы

— «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң бар, онда: мемлекеттік ұлттық табиғи парк – бұл табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ делінген.

Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа не жатады? Мемлекеттік табиғи қорықтар және ұлттық табиғи парктер.

Бұл жерлер иеліктен шығарылмайды.

Иеліктен шығару — бұл меншік құқығын беру. Жер жеке меншікте болуы мүмкін, бірақ… ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тек  мемлекеттік меншікке жатады. Бұл оларды сатуға болмайды деген сөз.

Яғни

кез келген табиғат қорғау аймағында жекеменшік иесінің бірде-бір жер бөлігі бола алмайды

Ұлттық паркте жер алу мүмкіндігі бар. Бірақ тек уақытша пайдалануға рұқсат беріледі. Тек қатаң белгіленген мақсаттар үшін. Біріншіден, рекреациялық, яғни ландшафтты немесе өзен арнасын қалпына келтіру, ағаш отырғызу және т.б. Екіншіден, туризмді дамыту. Бірақ қандай да бір құрылыс туралы сөз болмайды да, тек экотуризм ге рұқсат бар.

Тағы бір мәселе: ұлттық парктің қызметкерлері ғана жерді пайдалана алады. Мысалы, жайлауда тұратын қорықшы мал жаюға рұқсат алуға құқылы.

Не істеу керек?

Мұны қадағалауға тиісті уәкілетті органдар «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» заңда айқындалған. Бұл жергілікті әкімдіктер. Егер біз қоршаған ортаны қорғау аумағында жеке меншікті көретін болсақ, онда меншік иелерімен күресу керек, себебі оларға рұқсат берілмеуі керек.

Егер мұндай рұқсаты болса,

оны берген лауазымды тұлғалармен күресу керек

Менің ойымша, ведомствоаралық комиссия құру қажет, оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ғана емес, прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның өкілдері де кіруі тиіс.

Тақырып бойынша толық ақпаратты мына сілтеме бойынша оқыңыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз