Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қорғаста әріптесін пышақтап өлтірген 22 жастағы азаматқа сот үкімі шықты

Қайғыдан қабырғалары қайысқан Қуаныштың туыстары өздерін қалай жұбатарын білмейді. Отбасы жалғыз ұлдарынан айырылып қалғанына әлі де сенер анар емес. Жаза тым жеңіл деп отыр. Сондай-ақ ана жүрегіне қатты батқаны мынау екен.

«Өліп қалған адамның атынан соншама қорлау сөздер айтып жатыр. Неше рет қорлық көрді деді. Ол Диасты қорғану үшін менің баламның атына айып тағып отыр», – дейді жәбірленуші Қуаныш Төлегеновтың анасы Жанар Смағұлова.

Ал айыпталушы Диас Кәріпжанов өзімен әріптес болып, Қытайдан бірге тауар әкеліп  жүрген азаматқа қалайша пышақ сұғып, өлтіргенін  түсіндіре алмады. Сотталушы дәл сол сәтті суреттеп бере алмаймын дейді. Себебі, осы қанды қылмысқа дейін Қуаныш пен Диастың арасында кикілжің болған екен. Қуаныш тағы бір азаматпен Диасты ұрған көрінеді. Тіпті жамбас тұсына пышақ та сұққаны сотта айталды. Айыпталушы тараптың туыстары сол себепті баламыз қорғанды, қасақана өлтірмеді деп отыр.

«Пышақ тықты санына, Диас жатқан кезінде. Видеокамерада қан қап-қара болып көрініп тұр», – дейді айыпталушы Диас Кәріпжановтың әкесі.

Ал прокурор қауіпсіздік қызметі қатаң жұмыс істегенде мұндай қылмыс болмас еді дейді. Енді бұл жайт Қорғас шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығындағы мамандарға жақсы сабақ болса игі. Себебі қанды қылмыс дәл осы жерде болған. Ал екі жігіттің суық қаруды қалайша емін-еркін алып жүргеніне жауап жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз