Бұл шулы іс бойынша 9 офицер мен 1 кәсіпкер сотта жауап беріп жатыр. Басты айыпталушының бірі Қарулы күштердің материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары Төлеміс Жанқазиев. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, полковник ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған.
Подполковник әскери бөлімдерге қару-жарақ және түрлі құрылғылар сатып алу мен оның жөнделуіне жауапты болған. Яғни, қорғанысқа деп бюджеттен бөлінген қыруар қаржы осы Жанқазиевтың қолынан өткен. Сөйтіп полковник мемлекеттік тендерді ұтып беру үшін кәсіпкерлермен ауыз жаласып, 3 миллиардқа жуық қазына қаржысын жымқырған. Лауазымды офицерді ұлттық қаупсіздік комитеті тамыз айында бизнесменнен 20 миллион теңге пара алып жатқанда тұтқындаған болатын. 150 томнан тұратын іс бойынша жүзден астам куәгерден жауап алыныпты.