Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Қордайда ауыл тұрғындарын қорқытып,үрейін ұшырған бұзақылар ұсталды

111

Полициядағылар қылмыс істеді деп күдікке ілінген Қордайдың екі тұрғыны Жамбыл облысында тұрмайтынын, алайда ауылдағы туыстарына келіп тұратынын айтты.

“Олар ұрлаған заттарының барлығын зиратқа жасырып отырған. Ол жерден ұрланған заттың жартысы табылды. Қазіргі уақытта, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі (“Денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қарақшылық”). Сондай-ақ, күдіктілердің біреуіне ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігі (“Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса”) бойынша айып тағылған”.

Айта кетейік, Жамбыл облыстық ІІД өкілдері осыған дейін, шілденің 20-29 аралығында Қордай ауданының Қордай ауылында бірнеше қарақшылық шабуыл болғанын айтады. Полицейлердің мәліметінше, қылмыскерлер бетперде киген адамдар жергілік тұрғындардың үйіне баса-көктеп кіріп, дене жарақатын салып, ақша мен бағалы заттарды беруін талап еткен. Зардап шеккен бір ер адам ауруханада қайтыс болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз