Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қоңырау да шалмады”. 4 баласын өзі тәрбиелеп отырған ер адам алимент өндіре алмай отырғанын айтты

Анасына хат жолдап отырған бұл бүлдіршіндер оны соңғы рет қашан көргендерін ұмытқан. Сағынғаннан болар, жиі түстерінде көретіндерін айтады. Қазір 4 бірдей баланы әкесі мен әжесі бағып отыр. Ана жылуын бере алмасақ та, қатарынан қалдырмай, өсіріп келеміз, дейді. Ұл-қызының ішіп-жеміне жауапты отағасы кезекті рет жұмыс іздеп кеткен екен.

«Үстіме бензин құйды…». Алматылық келіншек отбасылы адамның өзін зорлап-қорлағанын айтты

«Жоқ болғанына 4 жылдан міне 7 ай асты. Басында жұмыс істеп, табыс тауып келем депті. Бұл күйеуіне айтқаны» – дейді Ақын Сара ауылының тұрғыны Орынбасар Саурықова.

Іні-қарындастарына бас-көз боп отырған үйдің үлкені 8-сыныпта оқиды. Анасын сағынғанмен, реніш пен өкпесі қара қазандай. Сол себепті, ол туралы айтқысы жоқ.

«Үйдегі шаруаларды бітіріп, одан кейін бос болсам сурет саламын, үй жинаймын. Ал кешке қарай Әлия мен Нұртастың сабағына көмектесем» – дейді Зейнеп Нұрзатова.

Ізім-ғайым жоқ болған әйел 5 жылға жуықтаса да бауыр еті балаларын іздемек түгілі қоңырау да шалмапты. Алғашында өзіндік себептер болған болар деп, “көкек ананың” бұл әрекетіне отбасы түсіністікпен қараған. Алайда, уақыт өте келе қайтып келмейтінін сезген соң, өз бетінше іздеуге тырысқандарын айтады.

«Өкінбеймін…». Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жігіт атақты адамның немересі боп шықты (видео)

Нәтиже болмаған соң, отағасы сотқа ажырасу туралы арыз жазып, алимент төлетуді сұрайды. Сот қос бірдей өтінішті қанағаттандырып, оң шешім шығарған көрінеді. Алайда, 3 жыл ішінде 2 миллион теңгеге жуықтаған алименттен “көкек ана” балаларына соқыр тиын да бермеген екен.

«Ол маған бір тиын да алимент бермеді. Ең болмаса аналық құқықтан айырылсын. Өкіметтің беретіні бар ғой, әйтеуір, қағаз, кітаптарына жетсе болды. Мен баладан безіп отырғам жоқ, осылардың жолында өлуге дайынмын» – дейді Ақын Сара ауылының тұрғыны Орынбасар Саурықова.

Облыстағы жеке сот орындаушылары әйелдерінен алимент талап еткен еркектердің саны артып жатқанын айтып отыр. Мәселен, биылдың өзінде өндірісте 14 мыңнан астам алиментті өндіру ісі қаралса, соның біраз бөлігі отбасын жалғыз асырап отырған еркектердің өтініші. Дегенмен, борышын өтеуден әйелдер де жиі жалтарады екен.

«Әбден қартайған…». MC Сайлаубек қазір қайда жүр?

«Алимент мендетті түрде бірінші төленуі керек. Ол – кәмелетке толмаған балалардың құқығы, біріншіден. Екіншіден, бір ата-ананың екіншісінің алдындағы міндеті, соттың шығарған бұйрығы бойынша міндеті. Сол себепті, борышкер өзінің міндетін орындамағана жағдайда Әкімшілік кодекстің 169-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады» – дейді жеке сот орындаушы Ермек Тазабеков.

Әкімшілік жазадан кейін де тиісті нәтиже болмаса іс қылмыстық атқару жүйесіне өтеді екен. Мұны ескерсек, 5 жылға жуық бой көрсетпеген ананы отағасы полицияға шағымдану арқылы қылмыстық жауапқа тарта алады. Бұлай болған жағдайда, “көкек ана” 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Дереккөз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз