Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қойшы соны…”. Тінікеев Джейкобсты сынап тастады

«Білгіштер үшін: бокс – бұл да өнер, өзіндік тактикасы бар. Геннадий жұртты нокауттарымен тым еркелетіп жібергендей әсер қалдырады. Неге әр нәрсеге көңілдеріңіз толмай жүреді? Біріншіден, Джейкобс – әлем чемпионы, ұрып жығатын бала емес. Екіншіден, елестетіп көріңіздерші, сіздерге 15 милллион халқы бар мегаполиске бір жігіт келіп (мейлі ол чемпион болсын), көз алдарыңызда сіздің кумиріңізді ұрып-соғады. Иә, жекпе-жек оңайға соққан жоқ, алайда ол Геннадийдің қарсыласы жекпе-жек кезінде үнемі қашып жүргендіктен қиын болды ( Сәпиевтің Бейжің Олимпиадасындағы жекпе-жегін естеріңізге түсіріңіздер, оның қарсыласы да рингті айнала жүгіріп жүрген еді). Осы туралы ойланып көрдіңіздер ме?», – деп жазды экс-депутат.

«Ауруды жеңген Джейкобс құрметке лайық, әрине (Джейкобстің қатерлі ісікпен ауырғаны хабарланған болатын – автор. ескерт), бірақ жекпе-жек алдында ол неге салмақ өлшеуден қашты? Және жекпе-жектен кейін анализ тапсырудан неге бас тартты? Бокс әлемінде, ең негізгі ғимаратта, бас аренада өнер көрсету құрметіне ие болған қазақстандық боксшыларды атай аласыздар ма? Кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсету туралы айтпай-ақ қояйын. Геннадийге оңай емес, себебі ол бокс кеңестері (IBF, IBO, WBA, WBC) ұсынған боксшылармен жұдырықтасуға мәжбүр. Ол барлығына «ашық», алайда, неге екені белгісіз, «ұлылар» онымен жекпе-жекке шығудан қашады. Головкинмен жұдырықтасқан бір әлсіз боксшының атын атаңдаршы? Олардың барлығы өз бокс кеңестерінде нөмірі бірінші боксшы, оның үстіне экс болса да, әлем чемпиондары», – дейді экс-мәжілісмен.

Тінікеев Головкин қарсыластарын өзі таңдамайтынын тағы бір мәрте түсіндірді.

«Бокс – бұл да өнер, өзіндік тактикасы бар деп бекерге жазғаным жоқ. Геннадиймен рингке шығудан қашып жүргендер енді осы жекпе-жектен кейін Головкинмен кездесуге батылы жететін шығар. Геннадийге барша қазақстандыққа Наурыз мейрамына үлкен сый жасағаны үшін тағы да рақмет айтамын», – деп түйіндеді Тінікеев.

Естеріңізге салып өтсек, Нью-Йоркте Головкин мен америкалық Джейкобстың арасында 12 раундтық жекпе-жек өтті. Төрешілер шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. Айта кетсек, қазақстандық боксшы карьерасында алғаш рет 12 раундтық жекпе-жек өткізіп отыр. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз