Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қойсаңдаршы енді…”. Жас қыз алған Абай Бегей ашынып кетті (видео)

375

Үш жыл бұрын анам, туған ағам, жан жарым дүниеден өтіп, біраз уақыт есеңгіреп қалған едім. Киналдым, қайғырдым, қажыдым. “Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан” деушілер көп болса да,

https://kaz.365info.kz/sonsha-shashylyp-khydalar-akelgen-kit-eldin-zhagasyn-ystatty-video-322671

үйленуден бас тартып жүрдім. Себебі, қыздарым мен ұлымның жүрегіне ауыр жара салудан қорықтым. Ешкімде ананың орнына ана бола алмасын түсіндім.

Бірақ, Алла бізге тағдырды жазғанда жұп-жұбымызбен жаратты. Мен қанша үйленуден бас тартсам да, өмірде отбасының ұйытқысы мен берекесі болар бір қисық қабырғаның қажеттігін түсіндім.

https://kaz.365info.kz/taza-tokhalmyn-astanalykh-myna-khyz-shynyn-ajtty-322587

Тұңғышым құтты орнына қонды, шүкір. Нағашыларына алғысым шексіз. Ұлыма ананың махаббатын бере алмасам да, әкелік жол көрсетіп, жақсы азамат боларына үлес қоса алармын. Ал кішкентай қос қарлығашыма дұрыс бағыт-бағдар, тәрбие беру үшін ананың орнын баса алмаса да, құрбыдай сырлас әйел керек. Өйткені,

он жастан бастап әкесіне айта алмайтын қыздардың құпиясы – сырлары басталатыны анық қой. Өтпелі және жасөспірім шағында жанында табылып, сырласатын, қолдайтын иманды жар іздедім.

Менің марқұм Әкем мен анамның жас аралығы 16 жас. Өмірге екі қыз, алты ұл дүниеге келген мен кенжесімін.

https://kaz.365info.kz/khajdagy-zorlykh-ashat-targyn-abaj-begejdi-synagan-kopshilikke-zhauap-berdi-322756

Мен әдейі жас қызға үйленейін деп іздемедім, осылай болды, 16 жас.

Тойды бай, танымал немесе ақшамыз асып-тасығаннан емес, шариғат бойынша жариялау мақсатында жасадық. Өмірдегі, өнердегі тек жақындарымды жинадым.

https://kaz.365info.kz/olaj-ajtpanyz-astanaga-okpeli-roza-rymbaeva-shendilerdi-abyr-sabyr-khyldy-322463

Сөз соңында айтарым, мен бір әйелдің үстіне бір әйел алып немесе бірінші отбасымды тастап кетіп, екінші рет үйленіп отырған жоқпын. Бұл – тағдыр. Менің қайғымды ешкімге де тілемеймін. Марқұм балаларымның анасы Жанатыма деген құрметім де, махаббатым да ерекше. Тек Құран бағыштаудан басқа амалым жоқ. Алла жатқан жерін жарық қылсын”, – деп ағынан жарылды әнші Instagram-дағы жеке парақшасында.

https://www.youtube.com/watch?v=rUMw_CqgaUY

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз