ҚМГ-ға тиесілі Румыниядағы өндірістік активтер Қара теңіз елдерінің нарықтарындағы өз үлесін арттырды және мол табыс әкелді.
2018 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның KMG International еншілес компаниясының операциялық пайдасы миллиардтың төрттен бірін (249,7 млн.) құрады. Ол Румыниядағы екі МӨЗ бен мұнай өңдеу кешеніне, сондай-ақ Румыниядағы, Болгариядағы, Молдова мен Грузиядағы 1,1 мың ЖҚС және жанармай құю терминалдарынан тұратын желіге ие. Бұл ретте таза пайда көрсеткіші $ 86 млн-ға жетті.
Компанияның операциялық қызметінің оң серпініне және жоғары көрсеткіштеріне негізгі әсер етуші — оның негізгі МӨЗ — Petromidia-да жаңғырту бағдарламасын табысты аяқтау және өнімділігін арттыру болды.
KMG International жүргізген жаңғыртудан кейін Petromidia зауытында шикізат өңдеу көлемі 3,8 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін артты, Еуро-5 стандартының отын өндірісіне көшу жүзеге асырылды, мұнай өңдеу тереңдігі 94%-ға жетті. Бұл ретте 2012-2018 жылдар аралығында шикі мұнай өңдеудің өзіндік құны тоннасына $28-ден $17-ге дейін төмендеді.
Бүгінгі күні Petromidia МӨЗ — топтың ірі активі және Қара теңіз аймағындағы ең заманауи және технологиялық жетілдірілген мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі.
2018 жылы зауыт қайта өңдеген шикізаттың жалпы мөлшері 5,9 млн тоннаны құрады (жоспарланған көлемнен 1 млн тоннаға көп). Бұл зауыт жұмысының 40 жылдық тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
2018 жылы KMG International отынын көтерме және бөлшек саудамен сату елеулі өсім көрсетті. Олардың жалпы көлемі 3,35 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 59 мың тоннаға артық және 2012 жылдың көрсеткішінен 2,6 есе жоғары.
KMG International «ҚазМұнайГаз» ҰК еншілес компаниясы ретінде шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің трейдингін жүзеге асырады. Өткен жылы бұл сауда-саттық зауыт тарихындағы ең ірісі болды. Шикізат пен мұнай өнімдерінің экспорты 14,9 млн тоннаны құрады — бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 2,7 млн тоннаға артық. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен бір жарым есе артық (өсім $16,7 млн) және 2012 жылмен салыстырғанда үш есе артық ($17,9 млн).
«2018 жылы KMG International операциялық қызметі белгіленген жоспарларға және жыл басында бекітілген cтратегияларға сәйкес толық жүзеге асырылды. Барлық негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша өткен жыл табысты болды.
Орта мерзімді кезеңде біз таза пайда көрсеткішін екі есе арттыруға, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның халықаралық нарыққа қатысуын кеңейту және соның салдарынан «ҚМГ» тобының акционерлік құнын ұлғайту жөніндегі стратегиясын іске асыруды жалғастыру міндетін қойып отырмыз», – деп атап өтті KMG International бас директоры Жанат Түсіпбеков.
«KMG International N.V.» компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100% еншілес кәсіпорны болып табылады және 11 негізгі нарықта мұнай өңдеу, мұнай өнімдерін іске асыру, өнеркәсіптік қызметтерді көрсету секторындағы операцияларды жүзеге асыратын біріктірілген халықаралық мұнай компаниясы саналады.
Компанияның негізгі қызметі Қара теңіз аймағында шоғырланған.
Компанияның жанар май станциялары желісі Грузия, Болгария, Молдова және Румынияда орналасқан 1000-нан астам жанармай станциялары мен сауда нүктелерін қамтиды. Онда Топтың Наводарьдағы «Petromidia» және Плоештидегі «Vega» екі мұнай өңдеу зауыты, сондай-ақ Petrochemicals petrochemical мұнай-химия кешені бар.