Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» братиславалық «Слован» командасымен кездеседі. Ойын «Барыс Аренада» өтпек.
Елордалық хоккей клубы Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 34 ұпайымен 9-шы орында болса, словакиялық ұжым «Батыста» 35 ұпайымен 12-ші орында келе жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұл матчты тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Трансляция басталуы 19:20-да.