Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Қазынаға қол салыпты”. Оңтүстікте бюджет қаражатын ұрлаған топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жұмыссыздарға жұмыс орнымен қамту мақсатындағы әлеуметтік жұмыс орнымен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекет бюджетінен бөлінген қаржыларды ұрлаумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында үстіміздегі жылғы 30-мамырда банк автоматтар арқылы қаражатты қолма-қол шешу барысында ұйымдасқан қылмыстық топты (ҰҚТ) ұйымдастырушы Шымкент қаласының тұрғыны «Д» есімді азаматша ұсталды.

Сотпен санкцияланған тінту шараларын жүргізу барысында, “БМВ Х5” маркалы автокөліктен және тұрғылықты мекен-жайдан 180 дана пластикалық банктік карталар, 2 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша, түрлі жеке кәсіпкерлердің 88 дана мөрлері, 22 азаматтың жеке куәліктері, жеке кәсіпкерлердің 21 дана еңбек және 52 дана чектік кітапшалары, жылжымайтын мүліктерге құқық беретін құжаттар және 23 дана түрлі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар табылып, тәркіленді.

“Жұмыспен қамту туралы” ҚР Заңы мен ҚР Үкіметімен бекітілген “Әлеуметтік жұмыс орындарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы” Ережесін орындау аясында бөлінген қаражаттарды ұрлау жалған кәсіпорындар мен көлеңкелі схемалар арқылы іске асырылып отырған.

Сотқа дейінгі тергеп тексерудің қазіргі сатысында 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді.

Қазіргі таңда ҰҚТ-тың заңсыз іс-әрекеттерінің мерзімі анықталуда, ал алдын ала келтірілген мәліметтерге сәйкес, залал сомасы шамамен 5,5 млн. теңгеден астам соманы құрап отыр.

Үстіміздегі жылғы 2-маусымда сот ұсталған азаматшаға қатысты “қамауға алу туралы” бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі таңда, банктік карточкаларының ұстаушыларын, лауазымды тұлғалардың қатыстылығын және ұсталған азаматшаның сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз