Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
19
USD
465
-2.70
EUR
532
-2.62
RUB
6.05
-0.09

106 млн теңге жымқырған батысқазақстандық есепші ақшаны құмар ойынға жұмсаған

Іс материалдарына сәйкес, жымқырылған қаражаттың барлығы айыпталушының жеке қажеттіліктеріне, нақтырақ айтқанда, құмар ойындарына қатысуға және букмекерлік кеңселер арқылы бәс тігуге жұмсалған.

«Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді. Б. өз кінәсін толық мойындады. Қазталов аудандық соты жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысының мән-жайын, өтелмеген аса ірі мөлшердегі залалды ескере отырып, Б.-ны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья лауазымында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға тыйым салынды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот 105 736 100 теңге көлеміндегі азаматтық талап-арызды да қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз