Ең беделді әрі қымбат жиындарда бой көрсетіп жүрген “ақсүйектер ортасының” жастары бізде де баршылық. Олардың дені шетелде демалып, қымбат көлікпен ел назарына түсіп жүр.
Диас Атамқұлов
Ол Малайзияның Саравак штатының премьер министрі әпкесінің қызы Алия Наташа Дженейд есімді аруға 2013 жылдың жазында үйленген. Жігіттің аста-төк тойы елде қызу талқыға түскен болатын.
Димаш Әділет
Instagram-дағы бай балалардың тізіміне енген алматылық Димаш Әділет те шалқыған өмірімен талай тұрғынды қызықтырып жүр. Женева көшелерінде қазақстандық нөмірлі көліктерімен сайран салып жүрген Димаш кәсіпкерлікке қажет макро, микроэкономиканы, психологияны оқумен қатар, жарнамаға түсіп тұрады.
Димаш Әділеттің автокөлікке деген қызығушылығы оның қалтасына қаншалықты ауыр тиетіні белгісіз. Алайда ол өзіне ұнаған қымбат көлікті бағасына қарамай сатып алуға дайын.
Асқар Аюпов
Оның досы астаналық Асқар Аюпов Димаш Әділетпен бірге Европадағы көңілді кештерге барып тұрады.
Асқар Аюповтың әлеуметтік желі парақшасынан байқанымыздай, ол саяхаттағанды ұнатады.
Алайда олардың арасында қоғамға жақсы танысы – Севиль мен Даниель.
КТК арнасының мәліметтеріне сүйенсек, Севиль қандай нәрсе жасаса да ол ешбір жауапқа тартылмаған. Әкесі қызының Шымкентте жасаған әрекеттеріне көз жұма қараған.
Оның әкесінен алған қымбат сыйлықтарының арасында бірнеше мың доллар тұратын Rolex сағаттары мен Bentley автокөлігі болған.
Бойжеткен кез-келген уақытта элиталық тағамға тапсырыс бере алатын. Оны төменгі қабатта дайындайтын. Тағамдарды арнайы аспаздар жасап, жеке даяшылар оны үстелге әкеп беретін болған. Қызметшілер үй иесінің кез келген қисынсыз тілектерін орындапты.
Ал Төлешовтің қызы Айткүлді ұзату үшін жиналған халықтың арасында небір танымал тұлғалар болған. Бойжеткеннің әкесі салтанатты мереке үшін 700 мың долларын аяған жоқ.
Кіші қызының туған күні болса “Властелин колец” голливудтық блокбастер желісімен өткені жұрттың ерекше назарына іліккен еді. Туған күн иесі фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі – эльфтер ханшайымы Арвеннің кейпінде жүрсе, әкесі эльфтер патшасы – Эрлонд секілді киінген.
Мақсат Үсенов
Мұнай магнаты Махмұд Нәлібаевтың қызы Сиви Махмуди бүгінде өзін тек жақсы қырларынан көрсетіп жүр. Ол елге әнші әрі актриса ретінде танылған.
Әнші жақында ғана хан сарайындай зәулім үйге көшіп, қоныс тойын дүркіретіп атап өткен.
Айта кетерлігі, бұл тізімге енбей қалған талай қалталы азаматтардың балалары баршылық. Әлеуметтік желіде richkidsofkazakhstan тақырыбымен іздеу салсаңыз, бірталай қазақстандық жастардың фотолары шыға келеді. Солардың кейбірін назаралырыңызға ұсынамыз.
Дереккөз: nur.kz