Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қазақтың тойына реформа қажет емес. Неге дейсіз бе?

289

Яғни, іштегі өнерін сыртқа шығаруға кімге де болсын толық мүмкіндік берілетін. Ол жерде ақсақал да қызбен айтыса алатын. Жұрт тойға бүгінгідей тамаққа тою мен “концерт көру” мақсатында бармайтын.

Тойды ешқандай теңдессіз тамада да, керемет әншілер де қызық ете алмайды. Тойды шын мәніндде қызықты ететін сол тойға келген халықтың өзі! Олардың өнер жарысына бір кісідей белсенді атсалысуы.

Елді алдап, фонограммамен айтатын алаяқ әншілерге беретін мыңдаған доллар, он мыңдаған теңгені сол тойға келгендерге берген жөн.

Мысалы, “тойбастарды” кім жақсы айтты? Аямай бер жүлдені!

https://kaz.365info.kz/khydashada-nem-bar-edi-tanymal-zhurnalist-endi-tojga-barmajtynyn-ajtty-286067
Мен өзім азғантай шамама қарап, 2013-те ұлға той өткіздім. Тойда өнер жарысы өтетінін шақыру хатқа жаздым. Спорт залдан кілем әкеліп, балалар күресін, олар мен үлкендер арасында қол күресін, әйел күрес, ән жарыс, би жарыс, айтыс ұйымдастырдым.

Бүгін алматылықтар бастап, басқа ел қостап, өңін теріс айналдырып, “тойбастар” атап жүрген ғұрыпқа төл атауын қайтарып, бірінші бетінде “тойдан тобықтай” деп жазылған – “Еліңнің ері бол, Арда-Шерім” деген 66 беттік мини-қабуснама брошюра тараттым. Жұрт ырза болып қайтты.

Қысқасы, ізденсек, қазақтың өз тойын керемет етіп, әлем қызығатындай, ҮЛГІ алатындай етіп өткізуге әбден болады. Журналист емес кәсіпкер, әкім, т.б. малдылардың оны қызықты етем десе мүмкіндігі тіпті мол.

Тек ЫНТА-ЫҚЫЛАС қана керек. Одан да бұрын ӨЗ ҰЛТЫҢДЫ ӨЗІҢ СЫЙЛАУЫҢ КЕРЕК! (Қатты кеткен болсам, айып етпейсіздер. Бірақ, мен “той реформасын” солай түсінем…

Өмірзақ Ақжігіт, журналист
https://kaz.365info.kz/khara-san-tojga-khara-nasildi-khyzdardy-shakhyru-modyga-enipti-297045

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз