Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қазақтарды алғаш көргенде шошып кеттім”. Оғыз Доған Қазақстанға неге келгенін айтты

167

Бірақ олар мына бір нәрсені ескеріп отырған жоқ. Мен ағылшын емеспін, қандай да бір итальян, араб емеспін. Қазақпен түбі бір түрікпін.

Бізде бәрі біте қайнасып жатыр. Тілден бастап бүтін болмысымызға дейін. Арасында 70 жыл арамыз ажырап қалғаны болмаса.

https://kaz.365info.kz/tanya-khazakhsha-amandasyp-tyr-dogan-dauynan-son-ejr-astanada-ozgeris-bolypty-277325

Тұтас ғылыми зерттеулер бар, ғалымдар да аралас-құралас боп жатыр екі ел арасында. Соның ішінде, әрине тіл де бар. „Қазақ тілінің фонетикасы„ деген өзімнің еңбегімнің кіріспесінде: „Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілі ең байы, ең шұрайлысы, ең қуаттысы„ деп жаздым. Бұл ақиқат. Түркі тілдері ішінде қазақ тілі деген бұтағы бар деп оны қатты мақтан етемін.

Жалпы, бірнәрсені білетін адам ұялуды да, мақтануды да біледі. Ал білмейтін адам несіне ұялады, несімен мақтанады? Міне, бұл осы үшін керек бізге, негізі.

Өзінің түп-тамырын, туа бітті болмысына берілген қасиетін білмейтін адамдарда ұят та болмайды, сана-сезім де болмайды, ата-бабасын дәріптеу де болмайды. Ондайдан Құдай сақтасын енді!

Қазақтарды алғаш көргенде шошып кеттім…

Оғыз Доған алғаш рет Қазақстанға келіп, қазақтарды көргенде шошып, жүрегі ауырып кеткенін де айтты.

– Түбіміз бір елміз. Туған бауырмыз.  Осыған дейін аралас-құралас болдық та арамыз ажырап кетті. Қазақтар тәуелсіздік алғанда қуандық. Тарс жабылған темір есік ашылғанда, шын қуанғандардың алғашқысы боп „бауырымдап„ қауыштық. 95 жылы мен де келдім. 22-де ғанамын. Әртүрлі елестеттім қазақты көз алдыма. Бірақ қазақ халқы осынша өзгерді деп күткен жоқпын. Өзінің ана тілін білмейтін жағдайға дейін жеткені, әрине аянышты. Қатты жаным ашыды, әлі де жүрегім ауырады.

https://kaz.365info.kz/tyrikten-yyalgan-khazakh-zangeri-yshakhtagy-til-maselesimen-ozi-ajnalysatynyn-malimdedi-video-276346

Қазақ тілін білетіндерге ұрсамын, ана орыстілді бауырларыңмен неге қазақша сөйлеспейсіңдер деп. Олар қолын бір сілтейді. Болмайды ғой олай. Меніңше, қазаққа бір-бірін сыйлауды үйренуі керек.

Мен өзім куәмін. Қазіргі қазақ 27 жыл бұрынғы қазақ емес. Орыстілдісі де, қазақтілдісі де. 100 процент болмаса да 90 проценттік бетбұрыс бар. Қазір сол мені қатты қуантады.

Қазақтарға ренжіп қалдым

Бұдан бөлек Оғыз Доған қазақтарға кішкене өкпелеп қалғанын да айтты.

– Кәдімгідей. Менің талабым заңды ғой. Оны сотта дәлелдедік.

Бірақ біреуі келіп, осы елде осы халықтың тілінің құқығын қорғап, мәртебесін асырып жатырсың деп арқамнан қағып, демеу берген біреуі болмады. Ресми адамдарды айтамын. Адамның көзінен, түрінен бәрі білініп, көрініп тұрады ғой. Бәрі қазақтар. Мен сондай үмітпен, ниетпен қарадым көздеріне лауазымды адамдардың.

Менің ниетім түзу, көңілім ақ. Бірақ, керісінше қара пиғыл іздеп, бәле-жалалар жапқысы келе ме, қалай? Енді шығып жатқан сөздерді қарамайсыз ба?

https://kaz.365info.kz/zhabysyp-bale-boldy-ogyz-dogan-ozinin-nege-zhyrgish-bop-shykhkhanyn-ajtty-315817

„Шетел азаматы, бізде неғып жүр, орыс пен қазақты ұрсыстырғалы жүр ме„ деп бәле салуда. Ақыры, әне не болды, артыма өсек ілестіріп, өзімді жек көрінішті қылуға тырысты…

Негізі, осыған қатысты ресми органдар шақырса екен деп күткем. Бірақ, өкінішке қарай ешкім шақырмады. Әйтпесе айтар едім ғой жайымды, ниетімнің түзу екенін қазіргідей. Одан соң ақыл сұрағым келген. Бұл қалай өзі, менікі жөн бе, әлде басқалардікі ме дегендей. Бірақ ешкім шақырмады. Ал өзім бара алмаймын ғой. „Мен Оғыз Доғанмын, шай ішуге келдім„ деп барайын десем, шынын айтайын қай министрдің есігін қағу керектігін де білмеймін, – дейді ол.

Сорлы қазақ деме…

Өз сұқбатында Оғыз Доған қазақтардың өзара сыйластығы туралы тағы да баса айтып, соған назар аударуға тырысты.

– Менің аузыма сөз сап бергісі келетін кісілер бар. Мысалы, билікті сынашы дейді. Бірақ менен ондайды күтпеңіздер. Оған хақым жоқ. Өйткені түбім бір болғанмен, заңды тұрғыда мен шетел азаматымын. Сондықтан мен бұл елдің ішкі мәселесіне араласа алмаймын, оған қоса бұл адамгершілік тұрғысынан да дұрыс емес.

Айта кетейін, ЭйрАстана оқиғасында да, Қазком оқиғасында да оны алдын ала қасақана ойластырып, осыларға бір көрсетейінші деп айбат шегуді мақсат еткен жоқпын. Басқа түскен баспақшыл демекші, осындай жағдай болды басымда. Қайтем, заңды құқығымды олардан талап еттім. Жауаптары намысыма тиді. Шыдай алмай кеттім. Өз талабымның дәлелді болуы үшін оны телефонға түсірдім.

Жалпы, ЭйрАстана, Қазком оқиғалары мені қатты ашуландырды.  27 жыл болды тәуелсіздік алғанына, бірақ әлі мемлекеттік тілге деген жүрдім-бардым қараушылық, менсінбеушілік осы елде жүріп-тұрып жатқан менің өзімнің намысыма қатты тиеді.

Қазақ өзін сыйламайды. Ол рас. Достарыма, әлеуметтік желідегі таныстарыма да менің жазбамның астына „сорлы қазақ„, „надан қазақ„ деген пікір қалдырушы болмаңдар деп қадап ескерттім. Мұндай сөзді ғашық боп жүрген халқыма айтқызбаймын мен. Екіншіден, соны жазып отырғанның өзі қазақ.

https://kaz.365info.kz/tagy-tagy-da-semejdegi-mektep-internatta-maskhara-zhagdaj-boldy-foto-316818

Өз-өзін сыйлай білмеген ел Қазақ хандығы деген ұлы мемлекетті құрай алмаушы еді. Өз-өзіне құрметі жоқ ел ағартушылық жолында Алашорда қозғалысы деген туды биікке көтермес еді. Осынша қиыншылыққа шыдап, тәуелсіздікке қол жеткізбес еді. Сондықтан, ең алдымен, қазақтар өз-өзіне деген сый-құрметін жақсылап қалыптастырып алуы керек. Сол кезде басқалар да сыйлайды оларды.

Латынға көшу – құлдық санадан құтылуға жасалған қадам

Оғыз Доғанның пікірінше, латынға көшу қазақтардың, ең алдымен өзіне жасаған сый-құрметі.

– Қазақтардың латын қарпіне көшуін мен толықтай қолдаймын. Әрине, оның әртүрлі себебі бар шығар. Бірақ, мен мұны былай қабылдаймын. Қазақ халқы отарлауда болды ғой. Нешеме нәубетті басынан кешірді, нешеме трагедия болды. Оларды мойындатпақ түгілі, ана тілді қалыпқа келтірудің өзі қиынға соғып жатыр мұнда.

Жалпы, өткенді жібермей алға жылжу болмайды. Жүрекке түскен сызатты жоймай, адам ары қарай дами алмайды. Көрдіңіз бе, латынға көшу психологиялық тұрғыда өткеннің елесінен құтылу үшін керек секілді қазаққа.

Түрлі зобалаңды еске салатын нәрселерден ақырындап құтыла беру керек. Иә, құлдық санадан құтылуға жасалған қадам деп түсінем мен мұны.

https://kaz.365info.kz/shydamaj-kettim-gylzhan-ergalievany-koligine-otyrgyzgan-khazakh-taksist-zhauap-berdi-foto-316046

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз