Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанның СІМ басшысы Түркияда өткен саммитте мәлімдеме жасады

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы әртүрлі этникалық топтар мен діни нанымдарды ұстанған халықтардың ортақ үйі болып табылатын Иерусалим қаласындағы палестиналықтар мен израильдіктер бір-бірінің өмір сүру құқықтарына құрмет көрсету қажеттілігін баса айтты.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының шешімдері мен қарарларына қатысты өз айнымастығын растай отырып, Сыртқы істер министрі Қазақстанның Таяу Шығыстағы жағдайды саяси диалог жолымен бейбіт саяси процесінің аясында толыққанды реттеу үшін дереу, дәйекті және жанжақтышешімдер қабылдануына қолдау көрсететінін баяндай келе, Израиль мен Палестина басшылығын екі мемлекеттің бейбітшілікте өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдар жасауға шақырды.

Ыстанбұлдағы Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше саммитіне ИЫҰ-ның 40-тан астам мүше елдерінен мемлекет, үкімет, парламент басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысты. Саммит нәтижесінде коммюнике қабылданды. Құжатта ИЫҰ елдерінің өкілдері Палестина халқына толық және жанжақты қолдау білдірді.

Саммиттің аясында Әбдірахмановтың БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелері бойынша көмекшісі Мирослав Енчамен кездесуі өтті. Сұхбаттасушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде, оның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі тұрғысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз