Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
12
USD
519
+13.97
EUR
568
+11.62
RUB
6.03
+0.06

Қазақстанның оңтүстігінде 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Құтқарушылардың хабарлауынша, табиғи апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, жер сілкінісінен кейін «Қазселқорғаныс» мамандары гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар аумақтарды тексерген. Олар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын да бақылаудан өткізіп, ешқандай зақымдану анықталмағанын мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық жағдайды бақылау үшін жедел штаб құрылып, аумақтық бөлімшелермен бейнеконференция режимінде жиналыс өткізілді.

«Жағдай тұрақты, барлық құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге дайын. Жамбыл облысындағы химиялық қауіпті бес нысан тексерілді, ешқандай қауіп анықталған жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз