Нұр-Сұлтан
Қазір
-18
Ертең
-9
USD
435
+0.04
EUR
487
-3.91
RUB
5.52
+0.02

Қазақстанның киносы мен медиасында не болып жатыр?

2021 жылдың 30 қарашасында қабылданған 2025 жылға дейінгі креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасы отырыстың алғышарты болды. Бұл креативті салалардың қазақ экономикасының бір бөлігіне айналғанын растайтын республикамыздағы алғашқы құжат. Бұған сөзімізне мына цифрлан дәлел: 2021 жылдың басында креативті салалардың жалпы қосылған құнның үлесі елдің жалпы ЖІӨ-нің 2,3 пайызын құраса, осы саладағы жұмыспен қамтылған азаматтардың үлесі 3,6 пайызды құрады.

Тәуелсiздiк алғалы бері шығармашылық сала бейберекет және ерекше дамып келе жатқаны, осы кезеңде медиа да, кинематографияда да көшбасшылар қалыптасқаны белгiлi болды. Сарапшылар Қазақстанның осы салалардағы жетістіктерін айтып, қазіргі жағдайды сараптап, медиа мен киноның өсу нүктелерін белгіледі.

Пленарлық мәжіліске қатысушылар шығармашылық салалардың бүгінгі жағдайына баға берді. AlmaU университетінің ғылым жөніндегі проректоры Бақытжан Саркеев креативті экономиканың негізгі драйвері ретінде адами капиталдың рөліне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мәдениет жөніндегі кеңестің төрағасы Біржан Хасанғалиевқордың өнер қайраткерлерін тауып, қолдау көрсетуге бағытталған жұмысы жайлы айтып берді.

AlmaU креативті индустрия орталығының директоры Дана Шаяхмет жалпы креативті индустрия туралы түсінігін кеңінен түсіндірді. Ол кино және медиамен ғана шектелмейді, өйткені оған әдебиет, сән, қолөнер, IT, компьютерлік ойындар және т.б. кіретінін айтты.

Кинотанушы Баубек Нөгербек, AlmaU Медиа және кино мектебінің доценті Гүлнар Әбікеева, ҚазҰУИ профессоры Инна Смаилова ұлттық кинематографияның жай-күйіне талдау жасады. Инна Смаилова өз баяндамасында соңғы 10 жылда коммерциялық кинолардың өскенін атап өтті.

Форумның жарқын оқиғасы – жаңа медиа шығаратын жастардың коммуникациялық ерекшеліктерін талқылау болды. Айта кетейік, бұл сессияның спикерлері жаңа буын өкілдері.

Олар: «Туйме» және «Balmuzdaq.plus»  жобаларының бірлеске авторы Заңғар Омар, 5Q Media жобасының шеф-редакторлары Роман Лукьянчиков және Ақжарқын Қыдырханова, Qadam Asia жетекшісі, «Открытая Азия онлайн» жобасының жетекшісі Айнұр Қалдығұлова, AlmaU медиа және кино мектебінің профессор-практигі Екатерина Корабаева және осы оқу орнының студенттері.

Кездесу соңында спикерлер қазақстандық жастардың әлі де «Біз кімбіз?»  және «Біздің күшті және артықшылықтарымыз қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеді. Соның нәтижесінде олар өзін-өзі анықтау жолында екенін айтты. Тезистердің арасында мынадай жауаптар болды:

– Қазақтілді контентке сұраныс артып келеді. Алайда сапалы ұсыныстың аздығынан оқырман сыншыл.

– Дәстүрлі БАҚ әлеуметтік желілер мен блогерлердің маңыздылығын шектен тыс жоғары бағалады деп санайды. Өңірлерде де барлығы теледидар көреді. Жастар медиаконтентті ақпараттық порталдар арқылы емес, әлеуметтік желілер арқылы тұтыну оңайырақ екенін айтып жүр.

–  Жастар тұтынатын контент мазмұнын ыңғайлы, оңай етіп жасауға бетбұрып келеді. Тіпті TikTok-та фильмдердің қысқартылған нұсқаларын жиі көреді.

— Контентті қолданатын жастар үшін таңдаған брендінің жаһандық әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысқаны маңызды.

Медиа мәселесі бойынша және медиабілім берудегі мүмкіндіктер мен перспективалар бойынша екі шеберлік сағаты өткізілді.

Конференцияны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен Алматы Менеджмент Университеті ұйымдастырды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2022 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз