Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанның Азия даму банкінен 240 млн доллар қарыз алу жөніндегі заң қабылданды

Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы 240 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарыз туралы келісімге 2016 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылған. Қарыз 5,5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 18 жылға беріледі.

“Бұл қаражат Ақтөбе мен Мақат елді мекендері арасындағы ұзақтығы 299 км болатын екі жолақты және екінші техникалық санаттағы жол учаскесін қайта қалпына келтіруге бағытталады. Учаскеде асфальт-бетон жамылғы, 11 көпір, 149 су өткізгіш құбырының құрылысы жоспарланған”, — деді министр.

Жоба 2017-2021 жылдары іске асырылмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз