Жексенбі, 10 маусым күні қалыптасатын метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 2 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақтау мен Астана қаласында ауа сапасы нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.