Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстаннан ұрланған 36 мың литр бензин орта жолда әшкере болды

Қазақстаннан Ресейге жалған құжатпен алып өтпек болған отынның құны 1,25 миллион рубль болады.

Күдікті жүк көлігін ресейлік кеденшілер өткен жылдың шілде айында аңғарған. Ол Қазақстаннан келген. Жүргізуші цистернада дизель отыны бар деп құжат көрсеткен. Алайда арнайы сараптама қорытындысы оның АИ-95 екенін айғақтады.

Бір айдан соң 2016 жылдың тамызында осы «Орск» бекетінде тағы бір автоцистерна ұсталады. Бұл жолы көлік жүргізушісі АИ-92 бензинін әкетіп бара жатырмын деп құжат көрсеткен. Алайда сараптама тағы да оның АИ-95 жанар-жағармайы екенін айғақтады.

«Ресей Федерациясы үкіметінің қаулысына сәйкес, мұнай өнімдері, соның ішінде бензин стратегиялық тауарға жатады. Осыған байланысты Орынбор кеденшілері бұл фактілерге қатысты «Контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп хабарлады Орынбор кеденшілері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз