Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстаннан ақша әлі де көбірек шығарылуда

Фото: realitatea.net

ААЖ арқылы ақша аудару күшеюде. Ұлттық банктің мәліметінше, сәуір айында Қазақстаннан 84,9 млрд теңге жіберілген. Бұл тарихтағы ең жоғары нәтижелердің бірі болды. Бұған дейін тек екі рет көп аударылды – 2020 жылы маусымда (92,8 млрд) және қыркүйекте (93,3 млрд).

Карантиндік 2020 жылдың сәуірімен салыстырғанда аударым көлемі 3,8 есеге артты. Бұл, ең алдымен, көктемгі шектеулерге байланысты, ол кезде аударымдарды жіберу өте қиын болды.

Төрт айдың ішінде ААЖ арқылы азаматтарымыз шетелге 275,9 млрд теңге жіберді. Бұл 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштерден 80% артық. Ол кезде аударымдар көлемі 151,2 млрд теңгені құрады.

Көш басында – Өзбекстан

Сәуір айында Өзбекстанға 21,1 млрд теңге кетті. Бұл бағытта ААЖ арқылы үлкен көлемдегі қаражат әлі шығарылған жоқ болатын. Оның үстіне, 2021 жылы қандай да бір елге жөнелтімдердің көлемі мұндай жоғары бодмаған.

Бір қызығы, сәуір айында Ресейге қарағанда Түркияға көбірек қаражат жіберілген. Көрсеткіштер тиісінше 18,4 және 18,8 млрд теңгені құрады. Оған қоса, Түркияға жіберілген бұл ақша көлемі тарихта ең жоғары болды.

Төртінші талап етілген бағыт – Қырғызстан, ол елге аударымдар көлемі 13,4 млрд-ты құрады. Тұтастай алғанда бұл елдерге шетелге жөнелтілген барлық қаражаттың 84%-дан астамы тиесілі.

Елімізге кімдер ақша жіберді

Қазақстаннан қаражат шығару ұлғайып жатқанда, біздің елге түсімдер төмен деңгейде қалып отыр. Сәуір айында шетелден ААЖ арқылы 25,7 млрд теңге келді. Бір жағынан, бұл 2021 жылғы ең жақсы көрсеткіш. Өткен жылдың деңгейінен екі есе көп. Алайда, 2019 жылдың сәуірінде алынған аударымдардың көлемі 32,9 млрд. теңгені құрады, яғни екі жыл бұрын ақша әлдеқайда көп түскен.

Қазақстанға аударымдар бойынша Ресей бұрынғысынша көш бастап келеді, дегенмен аударым көлемі 4,5 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге жақын. Сәуір айында РФ-дан 4,77 млрд теңге келіп түсті. Қазақстанға Кореядан сәл аздау (4,2 млрд) аударылды. АҚШ-тан аударымдардың көлемі тарихи максимумда (2,7 млрд теңге). Германия (1,6 млрд) және Қырғызстан (3,2 млрд) көрсеткіштері ең жоғары мәндерге жақын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз