Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
12
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

Қазақстандықтар не үшін маска кимейді? Психологтың болжамы

277

— Ең бірінші нұсқа жаңа вирустың сипаты туралы көптеген болжамдар аясында пайда болды. Содан кейін кейбіреулер аурудың формуласын шығарды. Мысалы, вирус ауа-тамшы арқылы жұқпайды, сондықтан маска қажет емес деген пікір айтылды. Екінші нұсқаға сәйкес «масканы кигесең де, кимесең де пайда жоқ».  Адам ажалы келген күні өледі. Маңдайыңа судан өлу жазылса судан өлесің, вирустан өлу жазылса, вирустан өлесің.

Психологтың пікірінше, адамдар фактілерді емес, өз нанымдарын басшылыққа алады. Неліктен? Өйткені әркім келісетін біртұтас идеологиялық құрамдауыш жоқ. Идеологтар оны құра алмады.

Пандемия — күллі қоғамға ортақ , бірақ оның шешімі әрбір жеке тұлғаның қолында

Қоғам адамды моральдық, экономикалық, медициналық тұрғыдан қорғай алмады. Сондықтан пандемияға, өмір мен өлім мәселелеріне дұрыс көзқарас қалыптастыру мүмкін болмады.

Адамның өмірін басты құндылық ретінде көрсететін идеология жоқ. Ақпараттық хабарларда қажетті нәрсеге назар аудармады.

Адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуды орнына, оларды қорқытты

Ирина Новак биліктің пандемия жағдайына арналған жоспары болмағанын айтады, бірақ ең болмағанда маска өмірді сақтап қалатынына назар аудару керек еді.

— Адамдарды БАҚ арқылы қорқыту жоспары болды. Кейбір шеттен шыққан ақпараттарды көрген адамдар вирусты саясатпен байланыстыра бастады. Осы салаға қатысы жоқ адамдар вирусқа қатысты түрлі пікір білдірді. Жан-жақтан естігенінен қорытынды шығарған халық вирусқа сенімсіздік танытты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз