Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстандық жұмысшылардың жалақысы бойынша берешек миллиард теңгеге жетті — депутаттар

Кәсіпорындардың жалақы бойынша қарызы 2015 жылдан бастап әлемдік дағдарыс пен жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты өсе бастады. Коронавирус пандемиясы жағдайды ушықтырды. Бұл туралы сенаторлар тобы премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалда мәлімдеді.

Бұл ретте бұрындары қарыз көлемі біршама азайған. 2009 жылы — 4,9 млрд теңге, 2012 жылдың басында — 1,6 млрд теңге, 2015 жылдың басында барлығы 735,1 млн теңге болған.

Дағдарыс пен карантин көлеңкелі экономиканы күйретуде, бұның зияны көп — сарапшы

2015-тен кейін қарыз қайтадан өсе бастады. Депутаттар сауалда статистиканы келтірді.

Бүгінгі таңда жалақы бойынша  3,4 мың қызметкер алдындағы жалпы қарыз 1 млрд теңгені құрайды. Оның 991 млн – мерзімі өткен, 86 млн – ағымдағы.

Жалақы бойынша борыштың көбі Алматы (125,8 млн), Алматы (118,6), Батыс Қазақстан (109,3) және Шығыс Қазақстан (105,9) облыстарында.

Талдау нәтижесі:

  • 536,3 млн теңге берешегі бар 50 кәсіпорын жұмыс істемейді (1 374 қызметкер). Оның 42-сі банкрот болды (1 026 қызметкер алдында 481 млн қарызы бар);
  • 115,4 млн берешегі бар 16 кәсіпорынның (190 қызметкер) мүлкі мен активтерінің болмауы себебінен борышты өтейтін шамасы жоқ;
  • 455,62 млн сомасына қарызы бар 34 кәсіпорынның (1 381 қызметкер) мүлікке тыйым салу, оның өтімсіздігіне, ұзаққа созылған сот дауларына және басқа да себептерге байланысты қарызын өтейтін мүмкіндігі төмен екенін көрсетті.

Кейбір адамдар сегіз жыл бойы жалақысын ала алмай жүр

Бүгінгі таңда 481 млн теңге сомасында берешегі бар 42 кәсіпорын (1 026 қызметкер) банкроттық рәсімінен өтуде. Заң бойынша, ең алдымен, олар қарыздарын өтеуі керек. Сондай-ақ кәсіпорындарды тарату рәсімі 9 айға созылады.

— Сонымен қатар, заңда банкроттық мерзімін ұзартудың болмауы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында; Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ қадағалаудағы ГТП кәсіпорындарында жалақы төлеу жөніндегі қызметкерлердің негізсіз күтулеріне және рәсімнің әуре-сарсаңға салуына алып келді,— деп жазады депутаттар.

Бизнесті көлеңкеден шығару үшін әділ жағдай жасау керек — Рустам Жүрсінов

Мысалы, Маңғыстау облысында «GES GROUP ЖШС 2012 жылы банкрот деп танылды.

8 жылдан кейін компания әлі де тарату сатысында, ал жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр

Жұмыстан босату статистикасын келдірді. Атап айтқанда, 2020 жылдың басынан бастап 233 кәсіпорында 1,7 мың адам қысқартылған.

Қысқартулардың көбі:

  • Нұр-Сұлтан қ.– 355 қызметкер (58 кәсіпорын),
  • Алматы қ. –  265 (46),
  • Қарағанды облысы – 186 (1),
  • Атырау облысы – 186 (16),
  • Ақмола облысы – 124 (34).

«Икемді жұмыс уақыты» режимінде (толық емес жұмыс күні, еңбекақысы бар қарапайым жұмыс күні, жалақысы сақталмайтын демалыс) 46 780 қызметкер жұмыс істейді.

Мұнда Алматы (8,6 мың жұмысшы және 272 кәсіпорын) және Жамбыл облысы (12 мың және 948) көш бастап тұр.

Жұмыстан қысқарғандардың саны артуы мүмкін

Әкімдіктер еңбек ресурсының басқарылатын ағыны бойынша 1 052 ірі кәсіпорынмен жол картасын әзірледі, онда шамамен 1,2 млн қызметкер жұмыс істейді. Жол карталары аясында 157 кәсіпорында өндірісті жаңғырту жоспарлануда,

нәтижесінде 2025 жылға дейін 3 900 қызметкер босатылады деп күтілуде

— Сонымен бірге, әкімдіктер субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы компанияның сұранысын тіркейді және жұмыс берушілерге жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті ынталандыруға жәрдемдеседі.

Жұмыс берушілер өз кезегінде қысқартылатын жұмысшыларды бос жұмыс орындарына (компаниялар ішінде) және ұқсас кәсіпорындарға ауыстыру, сондай-ақ оларды жаңа мамандықтарға қайта оқыту бойынша жұмыс жүргізеді, — деп мәлімдейді депутаттар.

Жол картасынан басқа, 2020 жылдың соңына дейін еңбек министрлігі «10 кәсіпорында 18 500 қызметкердің жұмыстан шығарылатынын» болжап отыр. Бірақ

ағымдағы жағдайды ескерсек, сандар артуы мүмкін

Депутаттар шаралар тізімін ұсынды:

  • жұмыскерлерді босатуды жоспарлайтын кәсіпорындардың тізбесін алдын ала айқындау;
  • жұмыс орындарын сақтау бойынша кәсіпорындарға тексеру жүргізу,  жаңа меморандумдардың сақталуын қадағалау (жұмыс уақытының толық емес режимі, қарапайым ақы төленетін);
  • жұмыстан босатылатын қызметкерлерді «жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасына іске қосу және жұмыспен қамтудың басқа түрлерімен қамту;
  • үшжақты комиссиялар аясында 10-нан астам жұмысшыны босатуды жоспарлап отырған кәсіпорындарды қарау;
  • қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына бақылауды күшейту.

Бастапқы деңгейде қанша қарыз екенін анықтауға болады

Бүгінгі күні ел бойынша 440 652 адам жұмыссыз (4,8%).

— Жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін электрондық еңбек биржасы жұмыс істейді, онда 125 400 бос жұмыс орны және білікті еңбек қызметкерлерінің 75 700 түйіндемесі орналастырылған, — делінген сұрауда.

Сауалнамаға қол қоюшылар:

  • Бағдарламаға қатысушыларды техникалық кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;
  • жаппай кәсіпкерлік құралдарын дамыту;
  • халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуды қарастыруды ұсынды.

Бірнеше заңнамалық бастаманы ұсынды. Атап айтқанда, мониторинг пен бақылауда еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдалану.

— Жүйені басқа дерекқорлармен интеграциялап, оны еңбек инспекторларына қолжетімді етсек

жалақы бойынша қарыздарды бастапқы кезеңде анықтауға және уақтылы шаралар қабылдауға болады,

— дейді депутаттар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз