Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Дағдарыс пен карантин көлеңкелі экономиканы күйретуде, бұның зияны көп — сарапшы

134
Айдархан Құсайынов

Мемлекеттік статистика комитеті мен БЖЗҚ статистикасының 2020 жылғы II тоқсандағы талдауы миллиондаған азаматтың табысын жоғалтып,  жәрдемақы алғанына қарамастан, жұмыспен қамту мен жұмыссыздық серпіні айтарлықтай өзгермегенін көрсетті. БЖЗҚ-ға аударылған міндетті түсімдер де қарқынды дамып келеді. Экономист Айдархан Құсайынов  бұл өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

Карантин бизнеске үлкен соққы жасады деу жалған әңгіме: БЗЖҚ статистикасының қарама-қайшылықтары

Жаңа миллион

— Бұл бақылауға сүйенсек, барлығы айтқандай бизнес те, халық та кедейленген жоқ па?

— Алдымен Қазақстанда екі, тұрақты және тұрақсыз экономика бар екенінен бастайық. Бірінші санатқа зауыттар, мұнай-газ өндірісі, тау-кен өндірісі және басқа да ірі бизнес субъектілері жатады. Сондай-ақ онда 2 миллион бюджет қызметкері бар. Бұл экономикадағы жалақы мен аударымдар тұрақты. БЖЗҚ-ның тұрақты экономиканың айқын көрсеткіш екені — факт. Бірақ оның бұл статистикадағы орны шамалы ғана.

Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және еш жерде тіркелмегендер өте көп. Олар БЖЗҚ-да физикалық тұрғыда есепке алынбаған және оның жанына айналып өткендер

Дағдарыс экономиканың екінші бөлігіне де ықпал етті.  Коммерциялық қызметпен айналысатын халықтың қалған бөлігі осы салада жұмыспен қамтылған. Онда барлық коммерциялық халық жұмыс істейді. Бұл қызмет көрсету саласы, базарлар, заңсыз такси. БЖЗҚ статистикасында экономиканың бұл бөлігі ескерілмейді немесе үлесі өте төмен.

Кез келген дағдарыс қалай да болса тұрақты экономикаға әсер етеді, өйткені оның тауарлары мен қызметтеріне әрдайым сұраныс бар. Тіпті кейбір мұнай компанияларында қысқарту болса да, бұл БЖЗҚ-ның есебінде онша байқалмайды.

Тұрақсыз экономиканың әсерінен дағдарыс бірінші кезекте қарапайым халыққа әсер етеді. Олар кездейсоқ табыспен күн көреді және статистикаға енбейді.

Мысал ретінде БЖТ төлеушілер ретінде есепке алынған миллионға жуық БЗЖҚ-ның жаңа салымшыларын келтіруге болады

Бұл 2020 жылға дейін БЖЗҚ-сыз өмір сүрген азаматтар. Олар амалын тауып күнін көрді, бірақ еш жерде ескерілмеді. Сол жеке тасымалдаушылар еш қиналмастан айына 150-200 мың тапты. Олардың арасында жарна төлегендер көп пе? Күмәнім бар.

Ал карантин, дағдарыс кезінде ешкім таксиге отырған жоқ. Олар 42 500 жәрдемақы алу үшін бірден тіркелуге жүгірді

Сондықтан мұндай жарналардың көмегі айтарлықтай байқалмайды.

Жалақылар көтерілді

— Дағдарысқа дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда БЖЗҚ-ға аударылған міндетті жарналар ненің есебінен төрттен бірге артты?

— Жалақы көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтерілді. Демек, БЗЖҚ-ға аударылатын жарналар көлемі артты. Бұл санатта 2 миллион адам бар екенін ұмытпайық. Кәдімгі компаниялар, әсіресе квазимемлекеттік саладағы  компаниялар да жалақыны индекстейді.

Демек, БЖЗҚ-ға түсетін жарна көлемі артты, бұған дағдарыс пен карантинге қарамастан тұрақты экономикадағы жалақының өсуі себеп болды

Сіз тоқсан туралы сұрадыңыз. 2019 жылы БЖЗҚ-ға төленетін міндетті аударымдардың жалпы көлемі орташа есеппен айына 60 млрд теңгені құрады, 2020 жылы-80 млрд.теңге, міне, 2 млн бюджет қызметкері және барлық зейнетақы шотының төрттен бір бөлігін құрайтын тұрақты экономиканың бөлігі плюс көрсетті.

— Қазақстанның көлеңкелі экономикасының көлемі қандай? 2019 жылы бұл көрсеткіш 10 трлн теңгені құрады. Жақында экономика министрлігі оны азайту жоспарын әзірлеп жатқанын айтты.

— Бұл ешкімге белгісіз көрсеткіш, дегенмен министрлік үнемі  оны есептеуге тырысады. Көлеңкелі экономиканың мөлшері халықтың кірістерін әдіснамалық есептеуде де ескеріледі. бірақ бұл іс жүзінде даулы мәселе. Көлемі әртүрлі, ЖІӨ-нің 20-дан 40%-на дейін жетеді.

Жұмыс бар, бірақ ақша жоқ

— БЖЗҚ-ға аударылатын жарналар өсті, ал Мемлекеттік статистика комитетінің сайтында ұсынылған жұмыспен қамту статистикасында 2020 жылдың II тоқсанындағы жағдай өзгерген жоқ. Алайда 5 миллион адамның уақытша жұмыссыз қалғаны туралы айтылған еді. Мұны қалай түсінуге болады?

— Ресми статистика  жұмыссыздарды іс жүзінде жұмыссыз деп тіркелгендерге қарап есептейді.  Яғни, еңбек биржасына түскендер бойынша. Термин «карантинге байланысты табысынан айырылғандар» деп қолданылды. Яғни,

егер шаштараз, фитнес жаттықтырушысы немесе кинотеатр қызметкері карантинге байланысты табысынан айырылса, ол ресми түрде жұмыссыз қалды деген сөз

Оның жұмысы бар, бірақ ақша алмайды.

Сондықтан жұмыспен қамту және төлемдер статистикасын шатастырмау керек. Сонымен қатар, жұмыс берушілер 42 500 теңгеге өтінім берген қызметкерлердің бір бөлігі жұмыстан босатылмағанын растады.

— Табысынан айырылып, үйде отырғандарды ресми түрде жұмыспен қамтылғандар деп есептеу қате статистика емес пе? Үкімет осы мәліметтерге сүйеніп шешім қабылдамай ма?

— Жұмыспен қамту тұрғысынан ешқандай қателік жоқ, өйткені олар уақытша табысын жоғалтты. Кәсіпорын мүлдем жабылмады, ол әзірге өз қызметін тоқтатты.

Үкімет жедел емес, ұзақ мерзімді есептеулер негізінде шешім қабылдайды.

Егер адамдардың көбі ресми түрде жұмысқа орналасса, бірақ уақытша табыссыз отырса, оларды ресми түрде жұмыссыз деп белгілеуге болмайды

Егер  карантинге байланысты 2 миллион адам жұмыс отыр деп есептесек, бұл ақша-несие, салық және әлеуметтік саясат туралы шешім қабылдауға әкеледі. Ал бұл шешімдер жылдар бойы жұмыс істейді. Мемлекет  жұмысшылардың табысын уақытша жоғалтуы немесе карантин сияқты қысқа мерзімді құбылысқа қарап бәрін өзгерте алмайды.

Шынайы статистика, қате түсініктер

— Мемлекет уақытша табыссыз қалған азаматтарды қолдау үшін қабылдаған шаралар нәтижелі  болды ма?

— Иә.  Қазақстан 42 500 төлемін тағайындау  арқылы жаппай жұмыстан шығарудың алдын алды. Бизнес қызметін қайта бастағаннан кейін  жұмыс істейтін ұжымын сақтап қала алды.

Екінші жағынан, төлем алуға берілген 1,5 миллион адамның жеке өтініші олардың ешқашан ресми түрде жұмысқа орналаспағандығының дәлелі

Мен «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деген ұғымның қате екенін бірнеше мәрте айттым. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды бизнесмендер дегісі келгендер болды, бірақ бұл мүлдем олай емес. Жеке кәсіпкерлер  өзіне жұмыс істейтіндермен салыстырғанда салық төлейді және статистикалық есептерге қатысады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-бұл мезгіл-мезгіл табыс көзін табатын жұмыссыздар. Олар жұмыс істеп жүрген секілді кейіп танытады.

Жұмыссыздыққа қатысты статистика бұл құбылыспен физикалық тұрғыдан байланысты емес. Кез келген жылдағы жұмыспен қамту тарихын көтеретін болсақ, жұмыссыздық әрқашан 4,9-5,1% деңгейінде болды. Экономикалық өрлеу болса да, дағдарыс болса да.

Бұл мемлекеттің атына айтылған сын емес. Себебі ол жұмыссыздық көрсеткіштерін осы мәртебеде тіркелген азаматтар бойынша шынайы бағалайды. Бұл дұрыс та.

Жұмыссыздарды ресми тіркеуге алған кезде, мемлекет оларға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеп,  жұмыс тауып беруге міндетті

Алайда олар ұсынған бос жұмыс орындары ешкімге ұнамайды. Бірақ жұмыс жоқ болса да, тіркелмеуге болмайды. Демек, адамдарда қажеттілік жоқ. Адами-экономикалық тұрғыдан қарайтын болса, жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақының көлемі өте төмен.  Эксперимент үшін бұл соманы 10-15%-ға арттыратын болсақ, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны артады. Сондықтан барлық есептеулер өте шартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз