Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандық жастар Екінші Дүниежүзілік жастар форумына қатысты

Аталған іс-шараға әлемнің 146 елінен 5 мыңнан астам жастар қатысуда. Форумның құрметті қонақтарының арасында Палестина Президенті, Бахрейннің мұрагер ханзадасы, белгілі саясаткер және қоғам қайраткері Н.Манделаның немересі және түрлі елдердің үкімет мүшелері және министрліктерінің басшылары бар. Форумға Қазақстандық делегацияны Қоғамдық даму Вице-министрі Берік Арын бастап барды.

Форумның ашылуында Египет президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси құттықтау сөз сөйледі. Ол Дүниежүзілік жастар форумы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарға заманауи әлемнің көкейкесті мәселелерін, білім беру, ғылым және технология саласындағы жастар бағдарламаларын іске асыру перспективаларын талқылауға, әлемнің түрлі мемлекеттерінің жастар саясатының табысты тәжірибесін таныстыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Б. Арын Форумның “Бейбітшілікті құрудағы және қолдаудағы әлемдік көшбасшылардың рөлі” тақырыбындағы бірінші панельдік сессияда сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың әлемдік бейбітшілік пен келісімді құрудағы қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Атап айтқанда, Вице-министр қатысушыларды Қазақстан Президентінің Семей ядролық сынақ полигонын ерікті түрде жабу, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесін құру мен Терроризмге қарсы тұру мен бейбітшілікке қол жеткізу бағытындағы мінез-құлық кодексіне қол қою, “Әлем. XXI ғасыр” манифесті мен өзге де бастамалары Форум қатысушыларына егжей-тегжей таныстырды.

Сондай-ақ, Вице-министр өркениетаралық және дінаралық келісімнің әлемдік диалог трибунасынасына айналған – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін шақыру жөніндегі Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасы туралы да айтып, Еуразия жүрегі Астанада 2003 жылы өткен бірінші Съезден бастап, тарихи қысқа мерзім ішінде аталған шараның әлемдік деңгейдегі бейбіт халықаралық қатынастарды қалыптастырушы механизмге айналғанын атап өтті.

Атқарылған жұмыста Египет басшылығының тұрақты қолдауы үшін ризашылық білдіріліп, а. ж. 10-11 қазанда өткен “Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін” VI Съезд жұмысына белсенді қатысқаны үшін әл-Азхардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебке алғыс айтты.

Шара аясында Қазақстан делегациясының басшысы Египет Президентімен, Египет Араб Республикасының Жастар және спорт, Сыртқы істері, Инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрлерімен, Кения Республикасының Мемлекеттік қызмет істері, Жастар және гендерлік мәселелер жөніндегі министрі Маргарет Кобиямен, сондай-ақ форумға қатысушы мемлекеттердің өкілдерімен кездесулер өткізіп, екіжақты байланыстарды дамыту жолдарын талқылады.

Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша тәжірибесі алмасылды. Іс-шара жұмысына қазақстандық жастар да белсене қатысып, өз жобаларын әлемнің түкпір-түкпірінен келген форум қатысушыларына таныстырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз